Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет27/62
Дата16.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74796
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

2. Іс-әрекет құрылымы: білім, дағды, икемділік және әдет.
Адамның дүние жайлы білімі алғашында бейне, түйсік және қабылдау түрінде пайда болады. Білім тек білу үшін қажет емес. Таныс емес затпен кезіккенде біз ең алдымен онымен қалай әрекет жасау керектігін білуге тырысамыз. Сіз жаңадан шыққан тұрмыстық техниканы қолданбас бұрын ең алдымен оны қалай пайдалану жайында баяндалған нұсқаумен танысасыз.
Іс-әрекетке тұрақты араласа отырып, білім іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтереді, адамның өзі атқарып отырған іс-әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес.
Сәби заттармен әрекет жасауды еліктеу арқылы игереді. Ол қимыл- қозғалыс түрлерін үлкен адамдардың әрекетін бақылау нәтижесінде жинақтайды. Осының нәтижесінде қарапайым әрекет қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет ету әрекеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дағдыға айналады.
Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады.
Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сөзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Өйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды.
Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс- әрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес. Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мәжбүр болады. Сөйлемді дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы өз кейіпкерлерінің психологиялық трактовкасын жасаудан гөрі, сөйлемнің грамматикалық құрылымын көбірек ойлайды.
Сөйтіп, қандай да іс-әрекетте болсын оны орындаудың дұрыс әдісін игеру және жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-әрекетті табысты атқарудың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дәрежелерінід арақатынасы адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Нерв жүйесі әр түрлі адамдарда танымдық, бағдарлаушылық және атқарушылық іс-әрекеттегі арақатынаста түрліше болады. Бұл сол адамдардың бәрінің де еңбек тапсырмасын табысты орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек процесінде қимылды неғұрлым дәл орындауға, ал өзгелеріне неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, дағды адамның жеке басының қасиетіне айналады.
Дағдының түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Дағды: қимылдық, ойлау, (сенсорлық) және мінез-құлықтық болып төрт түрге бөлінеді. Басқасынан гөрі кимылдық дағдылар көбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-әрекеттен көруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.
Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдьіларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары чертеждерді оқу дағдысы, кітапты конспектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылау әдісімен дәлелдеуді негіздеу болып табылады. Ой еңбегінде назарды бөлу және оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сөйлеу дағдылары маңызды роль аткарады. Көп жағдайда ой еңбегі дағдысы адамның белгілі бір қасиетін анықтайды.
Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу - дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жөн.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет