оператор
|
сипаттамасы
|
lambda
|
лямбда-өрнек
|
or
|
Логикалық «немесе»
|
and
|
Логикалық «және»
|
not x
|
Логикалық «емес»
|
in, not in
|
Тәуелділігін тексеру
|
is, is not
|
Теңдігін тексеру
|
<, <=, >, >=, !=, ==
|
салыстыру
|
|
|
Биттік «немесе»
|
^
|
Биттік «тек қана немесе»
|
&
|
Биттік «және»
|
<< , >>
|
Орын алмастыру
|
+, –
|
Қосу және азайту
|
*, /, //, %
|
Көбейту, бөлу, бүтінсандық бөлу
және бөлудің қалдығы
|
+х, -x
|
Теріс сан, оң сан
|
~х
|
Биттік «емес»
|
**
|
Дәрежеге шығару
|
x.attribute
|
Атрибутқа сілтеме
|
X[индекс]
|
Индекс бойынша іздеу
|
х [индекс1 :индекс2]
|
Қиып алу
|
f(аргументтер ...)
|
Функцияны шақыру
|
(өрнектер, ...)
|
Байланыс немесе кортеж
|
[өрнектер, ...]
|
Тізім
|
{кілт:деректер,...}
|
Сөздік
| Функциялар
Функциялар дегеніміз – программаның қайталанып қолданылатын бөліктері. Олар командалардың белгілі бір бөліктеріне ат беруге және одан кейін сол атымен осы блоктарды көрсетілген атымен және программаның кез келген жерінен шексіз қайталап іске қосу үшін керек. Оны функцияны шақыру деп атайды. Кірістірілген функцияларға len және range мысал ретінде келтіруге болады.
Кез келген қарапайым емес программа үшін (кез келген программалау тілінде) аса маңызды құрылым блогы болып табылады. Функцияны резервтелген def сөзі анықтайды. Осы сөзден кейін функцияның аты көрсетіледі, одан кейін жай жақша ішінде айнымалылардың атын көрсетуге болады және жолдың соңына қос нүкте қойылады. Бұдан кейін функцияны құрайтын командалар блогы бірнеше шегініспен оңға жылжытылып жазылады.
Функцияны сипаттау үшін def түйінді (кілттік) сөзі қолданылады:
def<функцияның аты>(<функдия параметрлерінің тізімі>) :
<блок – функцияның денесі>
Функцияның аты қайталанбайтын болуы тиіс. Тізімде көрсетілген параметрлер үтірлер- мен бөлінеді, егер де функцияның параметрі болмайтын болса, оның атынан кейін бос жақшалар қойылады.
Функциядан оның ішінде есептелген нәтижені қайтару үшін return операторы қолданы- лады. Нәтиже ретінде қайтарылатын мәндер осы оператордан кейін жазылады:
def pov2 (n):
return 2 ** n
Осы функция бір ғана параметр қабылдайды, 2 санын осы параметр мәніне сәйкес дәрежеге шығарады және пайда болған нәтижені қайтарады.
Оны шақырайық:
а= pov2 (3)
Программаның нәтижесі 8 болып шығады.
Python тілінде программа жазуға жаттығу
Python тіліндегі программа жазғанда неге мән беру керек? Python тіліндегі программа бір немесе бірнеше модульден құралуы мүмкін. Әрбір модуль 7 биттік ASCII кодтарымен үйле- сімді дайын мәтіндік файлдан құралған. Биттілігі жоғары кодтар үшін кодтау тәсілінің атын көрсету қажет. Мысалы, литералдары немесе түсініктемелері KOI8-R кодтары арқылы жазылған модульдің бірінші немесе екінші жолында келесідей сипаттау тізімі жазылуы тиіс.
# -*- coding: koi8-r -*-
Осы сипаттау тізімінің арқасында Python интерпретаторы Unicode-тіркестердің литерал символдарын Unicode жолдарына қалай айналдыруды білетін болады. Осы жол жазылмайтын болса, сегіз бит орнатылған кодтары бар модуль кездескен сайын ескерту айтып отырады.
Төменде келтірілген мысалдарда файлға жазылған модуль үзінділері де, Python интер- претаторында жазылған модуль үзінділері де қолданылды. Соңғыларында >>> шақыру символдары бар. Торкөз символы ( #) жолдың соңына дейін түсініктеме берілгенін білдіреді.
Интерпретатор тұрғысынан Python тіліндегі программа логикалық жолдардан құралады.
Бір логикалық жол бір физикалық жолға орналасады.
Егер логикалық жол тым ұзақ болса, онда кері қиғаш сызық (\) көмегімен немесе жақшаның ішіне қойып, бірнеше физикалық жолға бөлуге болады:
print a ," – өте ұзақ жол, ол белгілі орындарға", \ 80, "сыймайды"
http://pvthon-rutour.rhcloud.com/tour/Base type/ сайтында Python-мен жұмыс істеудің практикалық негіздері берілген. Мысалы,
print("Бyriн қай күн?")
бұйрығын теріп, Enter-ді басқан соң нәтиже бірден экранға шығады, яғни программамен жұмыс істеу оңай әрі жылдам.
Достарыңызбен бөлісу: |