Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Алгоритм түсінігі Алгоритмнің шығу тегі. Алгоритмнің тарихы. Алгоритмнің тұрмыста қолданылуы. Алгоритмнің қажеттілігі. Алгоритмнің қызметі мен мақсаты.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Тақырыбы:Алгоритм түсінігі, қасиеттері Алгоритм – ол белгіленген ережелер бойынша жазылған есепті шығару əдісі (тəсілі).
Алгоритм – ол қатан анықталған тізбектілік.
Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.
Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі.
Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:
1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.
2) Алгоритмнің түсінініктілігі және аньқтылығы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
3) Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.
4) Алгоритмнің нәтижеллігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.