Дәрістің қысқаша мазмұны: Тақырыбы:Алгоритмдерді бейнелеу əдістері Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:
1. сөзбен ауызша беріледі.
2. блок-схема түрінде.
3. алгоритмдік тілде.
Блок-схема дегеніміз - информацияны өңцеу алгоритмін МЕСТ
(мемлекеттік стандарт)-та бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық түрде жазу:
Алгоритмдік тіл - алгоритмді жазуға арналған тіл. Оның алфавиті, синтаксисі, семантикасы болады. Алфавит - тілдегі символдардың жиынтығы. Синтаксис - алгоритмді жазу ережесі. Семантика - сөйлемнің дұрыс құрылуы.
Алгоритмнің жазылуының жаппы түрі: алг <алгоритм аты> (<айнымалылар мен олардың типтерінің тізімі>)
арг <аргументтер тізімі> нәт <нәтижелер тізімі> басы <көмекші айнымалыларды енгізу> <Бастапқы мәнге меншіктеу> <Алгоритмге сәйкес эрекеттер тізбегі> шығару <баспаға берілгендерді шығару> соңы Мұндағы алг , нәт, арг, басы, соңы , шығару сөздерін қызметші сөздер деп атайды.
Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды аргументтер деп атайды. Олардың тізімі арг қызметші сөзінен кейін жазылады.
Алгоритмдегі аргументте, нэтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды, ол алгоритм тақырыбынан кейін басықыфзметші сөзінен кейін жазылады. Енді алгортмнің жазылуының жалпы түрін көрсетейік:
алг атау (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)
арг аргументтер тізімі
нәт нәтижелер тізімі
басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі серия
соңы
1 -мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.
S=(P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2
алг аудан (нақ а,Ь,с)
арг а,Ь,с
нәт S басы нақ р
р:=(а+Ь+с)/2
S:=sqrt(P*(p-a)*(p-b)*(p-c))
соңы
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез - келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс - әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір - бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
Байланыс бағытын көрсету
Блок - схема құрудың төмендегідей ережесі бар:
1) блок - схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек;
2) блок - схемада бірімен – бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек;
3) блок - схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
4) арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ғана ену, бір ғана шығу
сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түрінде логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болу қажет. Орындайтын міндетіне қарай блоктар
негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі блоктарға өңдеу, шартты тексеру, енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс
сызықтары жатады.
Мысалы: y = a + b формуласы бойынша есептеу алгоритмнің схемасын құрайық. Алгоритмдер құрылымы блоктардың өзара байланысуы бойынша үш түрге: сызықтық, тармақтық және циклдік болып бөлінеді. Олар осы есепте көрсетілген блоктармен қатар, шартты тексеру арқылы таңдау, цикл басы блоктарымен кескінделеді.
Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке - жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.
Ассемблер – тек автокод түрінде яғни ассемблер тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.
Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі
Программалау тілінің негізгі болып табылатын, алгоритмдік тілде қолданылатын шамалармен және оның ережесімен танысайық. Бұл ереже алгоритмнің жазылуын компьютерде орындауды ыңғайлап ретке келтіреді.
Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) түйінде сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командлары жазылады. Ал алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері пайдаланылады. Командалар осы екі түйінді сөздің арасында жазылады да, сол жазылу реті бойынша орындалады.