Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: 1. Іс-әрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз?
2. Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай?
3. Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар?
4. Әдеттің қалыптасу негізі неде?
5. Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?
1
9
№8-дәріс. Тақырыбы: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Жоспары: §1. Қарым-қатынастың көп қырлы сипаты
§2. Коммуникация, өзара түсіністік және адамдар қарым-қатынасындағы өзара әрекеттестік (вербалды және вербалды емес коммуникация)
§1. Қарым- қатынастың көп қырлы сипаты Қарым-қатынас - бұл бірлескен іс әрекет қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы көп жоспарлы қарым-қатынастардың даму үрдісі.
Қарым-қатынас өзімен бірлескен іс-әрекетінде қатысушылар арасында ақпараттың алмасуын қамтиды, яғни қарым-қатынастың коммуникативті жағы ретінде сипатталады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болу кезінде, қарым-қатынастың маңызды құралының бірі тілге көңіл бөледі.
Қарым-қатынастың екінші жағында – сөйлесу үрдісінде, қарым-қатынастың өзараәрекетінде тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар әркеттермен және қылықтармен алмасады. Мысалы, дүкендегі сатушы мен сатып алушы екеуі еш сөйлейпей –ақ қарым-қатынаста бола алады: сатып алушы кассирге алған заттарының талонының чегін ұсынады да, сатушы чекті алып, оның қалған бөлшегін ақшасын қайтарып береді.
Қарым-қатынастың үшінші жағы – бір-бірінің қарым-қатынаста қабылдауын көрсетеді. Ең маңыздысы, мысалы қарым-қатынас кезінде серіктесінің бірі екіншісіне сенуге тұратын,парасатты, түсінігі мол, қабылдауға дайындығын көре алады ма немесе оның бірі оған айтылғандардың ешбірін түсіне алмайды және ештеңені түсінбейді деп алдын-ала болжай алады. Сондықтан да, қарым-қатынастың тұтастай бірлігінде шартты түрде үш жағын көрсетуге болады : коммуникативті ( ақпараттыы жеткізу), интерактивті ( өзара әрекет), перцевтивті (өзара қабылдау).
Қарым-қатынас осындай үш жақтылығының бірлігінде –бірлескен іс-әрекеттің ұйымдастырылған тәсілі және оған енетін адамдардың өзараәрекеті қарастырылады.