Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§3. Психологияның зерттеу әдістері



бет3/51
Дата29.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#88316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

§3. Психологияның зерттеу әдістері.
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады. Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобы: 1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді). 2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді. 3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау). 4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг және т.б.
Бақылау әдiсi: Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелушiнiң мимикасын, бет құбылысын, сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерiн, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу әрекетiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талқылайды да, тиiстi қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да қолданылады.
Эксперимент әдісі: Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің обективті сипатын ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді.Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа енгізделеді. АҚШ психологы Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортады болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды.
Лабораториялық эксперимент: ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестердi зерттеу үшiн эксперимент тәжiрибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вунд психологияны эксперименттiк жолмен зерттеудiң негiзiн салды, тұңғыш лабораторияны 1879 жылы ашты. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бiрiн ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Лабораторияларда психикалық процестердiң пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшiн хроноскоп, терi түйсiгiнiң сезгiштiгiн байқау үшiн эстезиометр, зейiн көлемiн анықтау үшiн – тахистоскоп, естудi өлшеу үшiн аудиометр, бұлшық еттiң жұмысын тiркеу үшiн эркограф жабдықтары пайданалынды. Лабороториялық эксперимент, мысалы балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабороторияда жүргізіледі.
Табиғи эксперимент: Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың ғалымы А.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ, психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылық-тары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда, эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды қосалқы әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң қатарына анкета әдiсi, интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау тест әдісі т.б. әдістер жатады. Сынау тест әдісі адамның бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Осы дәріске тест тапсырмалары және сұрақтар:
Психологияның пәні
A)& психика
B) сана
C) мінез-құлық
D) санадан тыс
E) iс-әрекет
*****
“Псюхе” ұғымы келесі мағананы білдіреді:
A) сана
B)мінез -құлық
C) іс -әрекет
D) & жан
E) ойлау
*****
Психологиядағы негізгі үрдістер
А) & психологиялық эксперимент
В) әңгімелесу
С) сауалнама
D) бақылау
Е) өмір баяндық әдіс
*****
Негізгі психологиялық пән
А) әлеуметтік психология
В) психодиагностика
С) & жалпы психология
D) психотерапия
Е) генетикалық психология
*****
Әлеуметтік психологияның зерттеуі:
А) & адамдардың қарым – қатынасының әрекеттестігі
В) психологиялық баға беру мәселесі
С) адамның мінез – құлқыының психологиясы
D) педагогикалық үрдіс
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Бақылау – бұл:
А) & зерттелінетін құбылыстарды жүйелі және мақсатқа сай бағыттай отырып қабылдау
В) оқыту мен тәрбиелеу
С) психологиялық сынау
D) индивидтік ой- пікір
Е) оқып меңгеретін феноменді құрастыру
*****
Психологиялық зерттеу жағдайларын құрай алу және өзгерту мүмкіндігіне ие болуының басты жетістігі
А) бақылау
В) & эксперимент
С) сауалнама
D) анкета
Е) тест
*****
Жалпы психологияның пәні
А) адамдардың іс - әрекеттестігі
В) көңіл – күйді психологиялық тұрғыдан бақылау
С) & психикалық үрдістер қасиеттер және күйлер
D) құрлымның ерекшеліктері
Е) тұқымқуалаушылық механизмдер
*****
Психодиагностиканың зерттеуі
А) ғылымның даму тарихы
В) жануарлардың ерекшеліктері
С) ағзаның құрлымы
D) & диагностикалық үрдістер мен күйлердің психологиялық бағалауы
Е) тұқым қуалаушылық механизмдері
*****
Генетикалық психологияның зерттелуі бұл:
А) & адамның мінез – құлықтары мен психикасының тұқым қуалаушылық механизмдері
В) адамның түрлі өмір сүру кезіндегі даму ерекшеліктері
С) оќыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері
D) адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым – қатынасында пайда болатын құбылыстар
Е) адамдардың мінез – құлық және психологиялық айырмашылықтары
*****
Психология қай ғасырда дербес ғылым бола бастады:
А) VI ғғ
В) XI ғғ
С) X ғғ
D) XIX ғғ
Е) & XV ғғ
*****
Жас ерекшелігі психологиясының зерттелуі
А) тұқымқуалаушылық механизмдері
В) & дамудың жас ерекшеліктері
С) оқыту мен тәрбиелеудің негіздерi
D) адамдардың өзара әрекеттестіктерінің мәнісі
Е) адамдардың мінез - құлықтарының айырмашылыќтары
*****
Алғашқы рет эксперименталды психологиялық лабораторияның ашылуы
А) 1897ж., (Ж.Пиаже)
В) 1889ж., (Л.С.Выготский)
С) 1899ж., (С.Л.Рубинштейн)
D) 1900ж., (Вертгеймер)
Е) &1879ж. (В.Вундт)
*****
Ереже, нормаларға адам бағдарланатын эталонды топ:
А) диффуздық топ
В) формалды емес топ
С) номиналды топ
D) & референтті топ
Е) лабораториялық топ
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:

  1. Психология туралы түсінік.

  2. Психологияның негізгі салалары.

  3. Психиканың негізгі функциялары.

  4. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары.

  5. Психологияның әдістері.

1

2

2-дәріс. Тақырыбы: Ұлттық сана-сезім контекстігіндегі жеке адам.
Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет