Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары



бет20/51
Дата29.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#88316
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

§2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді. Тұлғаны қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады. Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады. Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, өнерге т.б. қажеттіліктері. Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы) және жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады. Ал, қоғамдық қажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. Қызығу дегеніміз – тұлғаның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу - спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін. Қызығулар да бейімділік тәрізді балалардың кішентай кезінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, (олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардын, ішінде басты біреуі, ең басынқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуыны көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Адамда қызығудың дұрыс көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тоқтамайды. Мұндай "көрсе қызар" әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Адам өмірдің бар бақыты мен болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды әрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл және жемісті болады. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани қоғамдық спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін. Материалдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі. Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен өнерге: музыка, сурет, спорт т.б. және білімге: математикаға, физикаға, әдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар. Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну яғни іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар. Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз - адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру жоне қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке көшеді, сол қызыққын нәрсесімен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет