Құқықтық норманың басты қызметі не?



Дата06.01.2022
өлшемі16,43 Kb.
#12907
Байланысты:
антикоррупция


Мкм-17-1

Өтеулі Асыл




  1. Құқықтық норманың басты қызметі не?

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:



  • қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

  • қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

  • мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

  • біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

  • екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтық нормақұқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
2. Құқықтық сана деген? Оны қысқаша сипаттап беріңіз.

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды.

Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
3. Құқықтық нигилизм туралы ұғым.

Құқықтық нигилизм - әлеуметтік нигилизмнің бір түрі, жалпы алғанда құқыққа, заңға, құқықтық тәртіпке деген жарамсыз-қарсы, сыйламаушылық қатынас.Себеп - тұрғындардың көпшілігінің заңды қадірлемеушілігі, құқықтық тәрбиесіздігі. Тұғырында қоғамға деген құқықтың қажетсіздігі жатыр.



Құқықтық нигилизм - әлеуметтік қатынас өнімі, ол көп себептер және салдармен негізделген. Жекелеп алғанда, мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігі, саясаттылық және шенеуніктердің популизмі сияқты қазіргі таңдағы келеңсіз жағдайлармен тығыз байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет