Постиндустриалдық экономика Индустриалдылыққа дейінгі экономикада жұмыс күшінің негізгі бөлігі бастауыш секторда жұмыс жасайды. Бастауыш сектор - экономиканың қоршаған ортадан шикізат өндірумен айналысатын бөлігі. Бұл секторға ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, аңшылық және пайдалы қазбаларды игеру жатады. Еуропада шамамен 500 жыл бұрын осылай болған, мұндай жағдай дамуы төмен елдерде әлі де кездеседі.
Өнеркәсіп революциясы бастауыш сектордан екінші деңгейге өтуге алып келді. Екінші деңгейдегі сектор- экономиканың шикі- затты өңдеумен айналысатын бөлігі. Мысалы, болат құю, тоқыма және жиһэз өнеркәсібі шикізатты кенге, мақтаға және ағаш өнімдері- не айналдырады. Екінші деңгейдегі сектордың өзге салалары кейін осы материалдардан автокөлік, киім және жиьаз шығарады.
Постиндустриалдық экономика - экономиканың қызмет көрсетуді ұсынатын үшінші секторына сүйенеді. Үшінші сектор дәрігер,мектеп мүғалімі, қонақ үй қызметшісі, аспаз және полиция қызметкері сияқты көптеген мамандықтарды қамтиды. Оған емханаларда, үкіметте, әуе компанияларында, банктерде, қонақ үйлерде, мектептерде немесе азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейтіндер жатады. Бұл ұйымдар материалдық тауар өндірмейді, өзгелерге қызмет көрсетеді. Олардың өндірісі бөшкелермен немесе тонналармен емес, тұтынушылар санының көптігімен бағаланады.
Үшінші сектор соңғы жарты ғасырда жылдам дамыды. Бұдан да арта түседі деген болжам бар. Үшінші секторда қамгылған жұмыс күші 1820 жылғы 1 пайыздық көрсеткіштен 1920 жылы 19 пайызға дейін өсті (Figueroa & Woods, 2007). Ал 2018 жылы сектор жүмыс кү- шінің 79 пайызын еншілейді деп күтіліп отыр (U.S. Bureau of Labor Statistics 20 lid). Қазір бастауыш секторда жұмыс істейтіндер өте аз. Ал екінші сектордағы жұмыс орындарында жұмысқа жарамды халықтың 15 пайызына дейін қысқарды. Бұл бірінші және екінші сектор маңыздылығын жойды дегенді білдірмейді. Елде қызмет секторының дамығаны соншалық, өзге секторлардың да тиімділігі мен өнімділігі артқан және оларды басқа елдерде жүргізе аламыз. Бұл экономиканың жаьанданғанын көрсетеді.
Сіз күні бойы экономиканың әр секторымен байланыста боласыз. Бастауыш сектор «сол күйінде» жейтін кез келген тагам түрімен, мысалға жеміс-жидекпен қамтамасыз етеді. Екінші сектор өнімдерді азық-түлікке айналдырады (мысалы, бидайдан - ұн, ұннан нан немесе кекс жасалады). Үшінші сектор осы азық-түлікті дүкенге немесе мейрамханаға жөнелтіп, оны сіз сатып аласыз немесе даяшы әкеліп береді.