Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет21/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Дағдарыс кезіндегі экономика
Қазіргі таңда жалпы әлем экономикасы күйзеліске ұшырап отыр. Миллионнан астам үй борышты өндіріп алу айналымында, жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, қор нарығы тұрақсыз және кейбір зейнетақы қорлары, тіпті қалалардың әкімшіліктері банкротқа ұшыраған. Мүндай дағдарысқа не себеп?
Көптеген бақылаушылардың пайымдауынша, дағдарысқа, ең алдымен, мемлекеттік реттеудің қысқартылуы салдарынан қарыздың қарқынды өсуі себеп болды. Бұл факторлар алғашында тұрғын үйлер мен акциялар бағасының күрт қымбаттауына, артынша экономиканың басым бөлігімен қоса күрт құлдырауына алып келді.
Соңғы екі онжылдықта АҚШ үкіметі азаматтардың қарызын өтей алу мүмкіндігіне қарамастан, несие алуын жеңілдету үшін қаржылық заңдарды мейлінше икемдеді. Егер адамдар несиені төлей алмаса, олардың банктері мен кредиттік карталарының компаниялары көлемді айыппұлдар салып, пайыздық мөлшерлемелерді өсіріп отырды. Бұған дейін осы екі әрекетке де үкімет қаулыларымен тыйым салынатын. Осының салдарынан банктер мен кредиттік карталар компаниялары байып, адамдар кедейлене түсті.
Алайда уақыт өте ипотекалық несиелерін өтей алмаған азаматтар көбейген сайын несие үсынушы банктер үшін өздерінің жеке шоттарын төлеу қиындап кетті. Бұл жағдай қоғамның қаржылық, жүйеге сенімін азайтып, қор инвесторларының акцияларын сатылымға шығаруына алып келді. Үлесін сатушылар көбейіп, сатып алушылар азайған кезде акцияның нарықтағы бағасы төмендеп кетті. Дәл осылай үй сататын адамдар күн сайын көбейіп, тұрғын үйдің нарықтағы бағасы төмендеп, сатылым азайды.
Сонымен қоса қаржылық тәуекелдің артуы, ал мемлекеттік бақылаудың бәсеңдеуі экономиканың басқа бөліктеріне де қауіп төндірді. Банктер қаржылық шығындардан қауіптенгендіктен, несие беруден тартына бастады. Көптеген кәсіпорындар нарыққа шығаратын тауарларының сатылуына немесе сол тауарларды өндіруге қажетті шикізатты сатып алуда үнемі несиелендіруге сеніп қалған, ал банктер несие беруін доғарғанда, көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырады.
Жаһандану әсерінен экономикалық дағдарыс бүкіл әлемге жайылды. Мысалы, америкалықтар ескі компьютерлерін жаңалауды тоқтатқан кезде, Үндістанда жаңа компьютерлерді құрастыратын мамандар жұмыс орнынан айырылады. Ал Тайландта адамдар бұрынғысынша америкалықтар пайдаланып тастаған компьютерлерден металл қалдықтарын жинау арқылы нәпақасын таба алмайды. Мексикадағы балалар АҚШ-тың компьютер шығаратын фабрикалары мен дүкендерінде жүмыс істеген иммигрант ата-аналарынан ақша ала алмайды.
Қазіргі экономикалық дағдарыс еркін нарықтық капиталистік жүйе тек теңгерімді мемлекеттік реттеу болғанда ғана тиімді болады деген ойға жетелейді.

Қарапайым адамның көзқарасы бойынша экономика, негізінен, жұмыспен байланысты. Бір адамдар үшін жұмыс орны табыс көзі болса, енді бірі үшін – мансап. Қалай болғанда да, жұмыс көптеген адамдардың өмірінде маңызды орын алады. Демең, жұмыстың түрлері, жұмыссыздықтың және жарты күндік жұмыстың сипаты, сонымен бірге болашақтағы жұмыстар жағдайын талдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет