Дәріс тезистері – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі


сан есім типті сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата23.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#103252
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
сан есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық 
мағынасы үстеу, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы сан есім болады. 
Мысалы, биыл қырықта. Үстеу + модаль сөз типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы 
компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы үстеу, екінші компонентінің жалпы 
грамматикалық мағынасы модаль сөз болады. Мысалы, бүгін жоқ. Үстеу + етістік типті сөз 
тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы үстеу, екінші 
компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы етістік болады. Мысалы, бүгін келді. Сан есім + 
етістік типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық 
мағынасы сан есім, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы етістік болады. 
Мысалы, екі- екіден тұрды
Ескерту. Мұнда–ден, қосымшасы шығыс септік жалғауы емес, топтау сан есімін жасап тұрған 
қосымша. 
Субстантивтенген типтегі сөз тіркестері. Сөз тіркесі сыңарларының басқа сөз 
таптарынан болып, олардың зат есімге айналуы барысында синтаксистік байланысқа түсуінен 
субстантивтенген типтегі сөз тіркестері қалыптасады. Адъективтенген типтегі сөз тіркестері. 
Сөз тіркесі құрамындағы басқа сөз таптарының сын есімге айналуы барысында синтаксистік 
байланысқа түскен сөз тіркестері адъективтенген типтегі сөз тіркестері болады. Мысалы, келген 


қонақ, айтар сөзАдвербиалданған типтегі сөз тіркестері. Сөз тіркесі құрамындағы басқа сөз 
таптарының үстеуге айналуы барысында синтаксистік байланысқа түскен сөз тіркестері 
адвербиалданған типтегі сөз тіркестері болады. Адвербиалданған типтегі сөз тіркестеріне барыс, 
жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы байланысып, іс-әрекеттің тоқтау шегін 
(киноға барды), іс-әрекеттің шығу орнын(кинодан келді), іс-әрекеттің мекенін ( кинода болды),  
іс-әрекеттің орындалу амалын (оймен шешті) білдіретін сөз тіркестері жатады. Сонымен қатар, 
үстеуге айналатын сөз табы ─ сын есімдер және көсемше формасындағы етістіктер. Олар сөз 
тіркесінің алғашқы сыңарында болса, екінші сыңары сын есім және етістік болады. Мысалы, 
баладай сүйкімді, жақын тұрды, күліп қарады. Басқа сөз таптарының үстеуге айналуынан сөз 
тіркесі сыңарлары жанасу формасы арқылы байланысады. Аналитикалық тәсілге сүйенеді. 
Салаласа байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағы алғашқы сыңар екінші сыңарға бағына 
байланысып, олардың қатынасынан сынның сапаға қатысы мәнді синтаксистік мағына және 
қозғалыстың амалы мәнді синтаксистік мағына туындайды. Вербалданған типтегі сөз 
тіркестері. Сөз тіркесі құрамындағы басқа сөз таптарының етістікке айналуы барысында 
синтаксистік байланысқа түскен сөз тіркестері вербалданған типтегі сөз тіркестері болады. 
Мысалы, біз екеуміз, мен жаспын, сен баласың. Вербалданған типтегі сөз тіркестері қиыса 
байланысады. Синтетикалық тәсілге сүйенеді. Сабақтаса байланысады. Сөз тіркесінің екінші 
сыңары алғашқы сыңарға бағынады, олардың қатынасынан процессуалдық мағына туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет