2. Дәріс тезистері
1 – дәріс. Синтаксис ілімінің зерттелуі
Грамматиканың синтаксис саласы тiлдiң әр түрлi
жақтарын қамтамасыз ете отырып, сөйлеу
қағидасын зерттейдi. Синтаксис гректiң тiлiнен аударғанда бiрiктiру, байланысу құру, тәртiпке
келтiру деген ұғымды бiлдiредi. Тiл ғылымында синтаксис сөйлемдегi жеке сөздердiң
байланысын,
сөз тiркесiнiң заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал- тәсiлдерiн яғни сөйлеу
процесiнiң пайда болуын қарастырады. Мұнда сөйлем iшiндегi жеке сөздердiң орналасу тәртiбi,
үйлесуi, сөйлемнiң жалпы қасиеттерi толық зерттеледi. Сөйлем iшiндегi сөздер мен сөздердiң
орын алмасуы транспозиция тәсiлi арқылы зерттеледi. Бұл әдiс сөздiң тұлғасы мен оның
синтаксистiк қызметi арасындағы қатынасты бейнелеу үшiн қолданылады. Синтаксис ең алғаш /
б.э.д. III ғ/ логикалық бағытта зерттелiп, Аристотель заманынан бастап, ХIХ ғасырдың ортасына
дейiн логикалық категория ретiнде танылды. Протагор, Платон, Аристотельдер “логос” ұғымының
сөйлемде, пiкiрде тексте әрқашан болатынын басшылыққа алған. Сөйлемдердi байланыс
қызметiне қарай жiктеу /коммуникациялық қызметi/, сөйлемнiң негiзгi бөлiктерiн анықтау, сөйлем
бөлiктерi арасында болатын қатынастарды анықтауы жағынан салыстырғанда стоиктер
заманындағы синтаксистiк зерттеулер қазiргi тiлiмiздiң синтаксистiк
заңдылықтарымен
үйлесетiнiн көремiз. Протагор сөйлеудiң iшiнде сұрақ, жауап, тапсырма, өтiнiш болатынын,
Аристотель терiске шығару, үндеу, баяндау, болымсыз не құптау сөйлемдерi,
жалпы не жалқы
сұрақ, бұйрық не жалыну, ант, үндеу тәрiздi қағидаларды басшылыққа алды. Платон пiкiр –
сөйлемдi есiм және етiстiк деп екiге бөлiп, оларды субект пен объектiнiң көрiнiсi ретiнде
қарастырды. Олар сөйлем iшiндегi предикат пен септiктердiң де қызметiне назар аударған.
Аппалоний Дискол / III ғ/ зерттеген тұлға мен септiктiң байланысын қарастырған.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында А.Шахматов, О.Есперсендер синтаксистi
сөздегi ойды табатын тiлдегi құбылыстардың қызметi мен тұлғасын зерттейтiн грамматиканың
саласы деп түсiндiрдi. Сонымен қатар ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Х.Штейнталь,
А.Потебня, Пауль, Вунд тәрiздi ғалымдар психологиялық арнада зерттедi. Синтаксистi “сөйлем
iшiндегi сөздердiң қызметi туралы iлiм” деп таныған ең алғашқы ғалым Ф.Фортунатов болды. Ол
тiлдердiң ұлттық ерекшелiктерiне баса назар аударды. Лингвистикада ХХ ғасырдың 50 жж –на
дейiн синтаксис саласы баяу зерттелдi.
Бiрақ сөйлемнiң пайда болуы, оның құрылысы туралы
заңдылықтар осы кезден бастап қалыптасты. 60-80 жж-дан бастап, синтаксистiң дамуында
мынандай заңдылықтар болды: синтаксистiк бiрлiктердiң семантикасына көңiл бөлу, тек сөйлем
емес одан да iрi –
дискурсты, текстi зерттеу, коммуникацияны зерттеу, сөйлемнiң субективтi
мағынасын/ адамға қатысты/ зерттеу, бiрқалыпты синтаксистен гөрi өзгерiсте болатын синтаксистi
зерттеу. Бұл синтаксистiң семантикамен, сөзжасаммен,
прагматика, стилистика, коммуникация
теориясымен байланысын көрсетедi. Синтаксистiк қатынастардың көрiнiсi сөйлем iшiндегi
құрылыста ұлттық ерекшелiктерге бағынады. Сондықтан сөйлем тiлдiң типiне бөлгенде негiзгi рөл
атқарады. Қазақ тiлiнiң синтаксистік мәселелері 1894-1897 жылдары орыс тiлiнде шыққан П.М.
Мелиоранскийдiң “ Краткая грамматика казах-киргизского языка” атты екi кiтабынан бастау алып,
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т.
Қордабаев Қ Есенов, Ә. Аблақов, О. Төлегенов, М. Серғалиев, Т. Сайрамбаев,
Е.Ағманов, еңбектерінде жалғасын тапты. Бүгінгі таңда Р. Әмiров, Б. Шалабаев, Ж. Сәдуақасов
Ж. Жақыпов, Т.Ермекова, Н.Ильясова, Ә.Елшібаева т.б. сынды ғалымдар мен зерттеушілер
айналысуда.
1935-1940 жылдар арасында сөйлем мүшелерiнiң зерттелуi жақсы қолға алынды. Ол кезде сөйлем
мүшелерi туралы А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х.Басымов, I.Байтенов, С.Аманжолов, М.Балақаев,
Ә.Ермеков сияқты ғалымдар көп еңбек сiңiрдi.
Сөз тiркесi синтаксисiнiң зерттелуi 1950 жылдардан бастап қолға алына бастады. Оған дейiн
түркiтанушы ғалымдар сөз тiркесi дегендi бөлiп қарамай-ақ, “анықтауыштық қатынастағы есiмдер
тобына” баса назар аударды. Сөз тiркесi сөйлемде қолданыла ма, әлде сөйлемнен тыс қолданыла
ма деген мәселе әлi күнге дейiн зерттелу үстінде. Бұл мәселе тек түркологияда ғана емес, орыс тiл
бiлiмiнде де онша шешiмiн таба қойған жоқ. Түркологияда, оның
iшiнде қазақ тiл бiлiмiнде
М.Балақаев, Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев, Е.Ағмановтар, орыс тiл бiлiмiнде В.В.Виноградов,
В.Н.Ярцева, Д.Ю.Кобрин, К.Н.Абервухтар сөз тiркесiн сөйлемнiң құрылыс материалы ретiнде
таниды.
Қазақ тiлi синтаксисiнде елеулi еңбек сiңiрген ғалым – С.Жиенбаев. Оның жай және құрмалас
сөйлемдерге, үйiрлi мүшеге арналған құнды зерттеулерi бар. 1954 жылы шыққан “Қазiргi қазақ
тiлi” кiтабының синтаксис саласында сөз тiркесi жай сөйлемнен бөлiнiп алынып, сөз тiркесiнiң
ерекшелiктерi сараланды. С.Аманжоловтың еңбектерiнде сөз тiркесi сөйлем мүшелерiнiң
ыңғайында қарастырылды.
Сөйлемнiң зерттелуi барысында М.Балақаев, Р.Әмiр, О.Төлегенов т.б. сөйлемнiң негiзгi белгiсi
ретiнде предикативтiлiктi,
модальдiлiктi алып, олардың әрқайсысына баса назар аударады.
Синтаксис терминi тiл ғылымында екi түрлi мағынада жұмсалады: бiрiншi—
коммуникациялық қызметте жұмсалатын тiл тұлғаларының құрылысы, екiншi – тiлден сөйлеуге
көшу үстiнде жұмсалатын тiл тұлғаларын зерттейтiн ғылым саласы.