өздігінен (спонтанды) бөлінуі мүмкін. Бірақ та
ядролардың спонтанды бөлінуінің жартылай ыдырау периоды
10
16
÷
10
17
жыл
.
Бөлінудің жарқыншақтары өздерінің түзілу мезетінде
артық нейтрондарға ие болады, өйткені орташа ядролар үшін протондар саны нейтрондар санына
шамамен тең
(
N/Z ≈
1
)
, ал ауыр ядролар үшін нейтрондар саны протондар
санынан едәуір артық болады
(
N/Z ≈
1,6
)
. Жарқыншақтар шығаратын артық
нейтрондар
бөлінудің нейтрондары деп аталады. Бөлінудің әрбір актісіне орта
есеппен жарқыншақтан шығатын 2,5 нейтрон келеді. Олардың көпшілігі лезде (
t ≤
10
−
14
c ) шығады, оларды
лездік нейтрондар деп, ал қалған бөлігі
(
~ 0,7%
)
бөлінуден кейін біраз уақыт өткеннен кейін шығады, оларды
кешігетін нейтрондар деп атайды.
13.2. Бөлінудің тізбекті реакциясы Бөліну реакциясында пайда болған лездік нейтрондардың әрқайсысы
бөлінетін заттың көршілес ядросымен әсерлесіп, онда бөліну реакциясын
тудырады.
Осы кезде бөліну актісінің саны тасқын тәрізді өседі де –
бөлінудің тізбекті реакциясы – реакцияны тудыратын бөлшектер осы реакцияның өнімі ретінде
түзілетін ядролық реакциялар басталады.
Көбеетін нейтрондардың болуы тізбекті реакцияның пайда болу шарты
болып табылады.
Көбеетін нейтрондардың коэффициенті k реакцияның қандай да бір
звеносында пайда болған нейтрондар санының алдындағы звенодағы осындай
нейтрондардың санына қатынасын айтады.
42