Қорқыт ата. «Қорқыт ата кітабы». Жоспары: Қорқыт ата туралы деректер.
Қорқыттың нақыл сөздері.
«Қорқыт ата кітабы».
Қорқыт (ҮІІ-ІХ ғ.ғ)-оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,-дейді В.Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік өрге баспайды» (профессор Ә.Қоңыратбаевтың аудармасы). Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ған қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХҮ ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі-12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі-6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпақтарының есінде қалған естелік іспеттес.
Тест:
Қорқыт ата туралы деректер бізге қанша жолмен жеткен
А. 5
В. 4
С. 3
D. 7
Е. 6
2. Қорқыт атаның есімі не үшін «Қорқыт» аталған
А. Алла Тағала анасына аян берген
В. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын ―Қорқыт‖деп қойған
С. Шын есімі Қорқыт емес,халық берген есім
D. Мәңгі өмірдіі іздегендіктен,өлімнен қорыққандықтан
Е. Магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз болғандықтан
3. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдағы терминдегі «Фатма» сөзінің мағынасы
А. Екі қабат әйел
В. Шекара
С. Кафир(кәпір)
D. Жас деген мағынада
Е. Гәуірлер елі
4. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдағы терминдегі «Гөдек» сөзінің мағынасы
А. Жас деген мағынада
В. Басин аймағындағы қамал
С. Әкімнің орынбасары
D. Араб жеріндегі шөл дала
Е. Қала аты
5. Қорқыт атаның 12 жыры толық нұсқасымен қай қалада сақталған
А. Дрезенде
В. Парижде
С. Мәскеуде
D. Ватиканда
Е. Стамбулда
6. «Қорқыт ата»энциоклопедиясының қанша жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді
А. 1000
В. 2000
С. 1300
D. 1500
Е. 1200
7. «Жалпы Қорқыт бір ерекшелігі — ол әуендік байланысы мен бір –бірімен сабақтастығында. Бір күйдегі нақыш –саз, екіншісінде ашық және жасырын түрде де қайталанады»- деп жазған ғалым
А. Р.Бердібаев
В. М.Жолдасбеков
С. Ш.Ыбыраев
D. Т.Қоңыратбай
Е. М. Жарқынбеков.
8. Айналайын балам-ай,
Жас балаңа алаңдай
Аш болсаң да, ойында
Аман сақтау балаңды-ай, -деген өлең шумағы Қорқыт атаның қай күйінен алынған
А. «Ұшардың ұлуы» күйі
В. «Башпай» күйі
С. "Әуппай"
D. «Тарғыл тана»,
Е. «Елім - ай»
9. Қорқыт атаға қатысты айтылған төмендегі М.Әуезовтың пікірін табыңыз
А. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»
В. «құтты адам, құт әкелетін адам»
С. «Жалпы Қорқыт күйлерінің бір ерекшелігі — ол әуендік байланысы мен бір –бірімен сабақтастығында. Бір күйдегі нақыш –саз, екіншісінде ашық және жасырын түрде де қайталанады»
D. ―Ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады Е. «Елім - ай»
Е. Қорқыт — түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады
10. 1999 жыл. Қазан айында Корқыт атаға арналған қандай оқиға шежіресі орын алды.
А. ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт ата және жаңа жылдық» атты халықаралық форум болды
В. Қобызшы Мұсабек Жарқынбеков Польшада Қорқыт күйін орындады.
С. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Қорқыт ескерткіш кешені ашылды.
D. Анкарада Қорқыт Атаға арналған халықаралық жиын өткізілді.
Е. Ресей археология қоғамының П.И.Лерх басқарған экспедициясының мүшесі М.К.Приорев Қорқыт бейітін алғаш рет суретке түсірді.
Сұрақтар:
Қорқыт ата мұрасының зерттелуі.
«Қорқыт ата кітабы.» , Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқынға түскені туралы жырдың негізгі идеясы.
«Қорқыт ата кітабы.» он екі жыры
Қорқыт атаның өсиеттері , ғибратты сөздері ,мақал-мәтелдері