Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары



бет1/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер (1)




ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Ап
та №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет.Орхон-Енисей ескерткіштері.
Жоспары:

  1. Түрік қағандығы.

  2. Көне түркі дәуіріндегі әдебиет.

  3. Орхон – Енисей ескерткіштерінің ашылу тарихы.

Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. «Түрік» этнонимі алғаш кезде белгілі бір адамның ата тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздік семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни «патша» шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен рөл ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғары жағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Тест:


  1. Қай жылы, қай қалада С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді, еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жері атап көрсетілді.

А. 1697 жылыТобылқаласында
В.1667 жылы Сібір қаласында
С. 1687 жылы Мәскеу қаласында
D. 1670 жылы Париж қаласында
Е. 1696 жылы Сібір қаласында
2. Қай жырда оның өзімен теңдес ,иықтас батырлардың аты аталмайды,аты атлмаған ерлер көп делінген
А. «Қобыланды батыр»жыры
В. «Күлтегін» жыры
С. «Алып Ер Тұңға» жыры
D. «Шырақ батыр» жыры
Е. «Мөде батыр»жыры
3. М.Әуезовтың :«Алғашқы жырды аты шулы жарыққа өзі қатысып ,көзімен көрген адам шығарған» -дейтін өте құнды тұжырымы кімге қатысты айтылғанын көрсетіңіз
А. Білге қаған
В. Күлтегін
С. Тоныкөк
D. Қорқыт
Е. Бұқар
4. Күлтегін батырдың ерлік жорықтары баянында : «Қаған әкем қайтыс болғанда інім Күлтегін 7 жаста қалды» осы үзінді қай ғалымның аудармасынан алынғандығын көрсетіңіз.
А. Қадыр Мырза Әли
В. Қ.Өмірәлиев
С. Ғ.Айдаров
D. Н.Келімбетов
Е. М.Жолдасбеков
5. Аздар,оңтұтық,табар,табғаша,тардұш сөздері қандай мағына береді
А. Тастан жасалған мүсіндер
В. Білгір,ақылды ,кемеңгер
С. Билеушілергі берілген аттар
D. Түркілерге қосылып ,сіңіп кеткен сол кездегі халық аттары
Е. «хан»сөзінің көне төркіні
6. «ұлдары-құл,қыздары-күң болған»-деп,Табғаштар салған іріткіге ырық беріп,жалған сөздің жетегінде кетіп,қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты ыза болған
А. Күлтегін
В. Білге
С. Тоныкөк
D. Естеми
Е. Бумын қаған
7. Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп есептеген ғалым
А. Қ.Сартқожаұлы
В. И.Т.Страленберг
С. Вильгельм Томсен
D. Л.Н.Гумилев
Е. Н.М.Ядринцев
8. «Орхон ескерткіштері» терминдеріндегі «Өгсіз» сөзінің мағыынасы
А. Анасыз,жетім
В. Ұятсыз
С. Біліксіз ,надан
D. Данышпан,ақылгөй
Е. Мүгедек,кемтар
9. Орхон-енисей әліпбиінің ерекшеліктері жөнінде: «Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VII ғасырлардағы түркі тайпалары емес», — деген пікірге тоқталған
А. В.Радлов
В. Н.Кононов
С. В.Бартольд
D. Г.Вамбери
Е. Н.Потанин
10. Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін тапқан ғалымдар
А. Рим тарихшысы Менандр
В. Дания ғалымы В.Томсен және В.Радлов
С. Аристотель
D. Г.Н Потанин , П.Пелльо
Е. Н.Я.Бичурин , Л.Лигети

Сұрақтар:



  1. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі.

  2. Орхон жазбалары және тарихи шындық

  3. «Күлтегін»,«,Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының ерекшеліктері

  4. «Күлтегін», жырының көркемдік ерекшеліктері.

  5. «Күлтегін» - жырының тақырыбы, аударылуы.

  6. «Көк бөрі » дастаны

1

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет