ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Жиембет және Марғасқа жыраулардың шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1ХҮІІ ғасыр поэзиясы өкілдері шығармашылығының басты ерекшеліктері.
2. Жиембет жырау Есім ханның әскер басы, биі.
3. Жиембет жыраудың мемлекет ішіндегі беделі жоғары болғандығын аңғартатын толғаулары.
4. Жиембет жыраудың арнау толғаулары.
5.Марғасқа жырау –Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырау.
ХVІІ ғасырдағы поэзия үлгілері, нұсқалары бізге басқа дәуірлерге қарағанда біршама аз жетті. Бұл кезеңдегі ақын-жыраулардан біздің дәуірімізге жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар.
Жиембетжыраушығармашылығы. ХVІІғасырдағыпоэзияныңіріөкілі – Жиембетжырау. Жиембет жырау Алшын руындағы көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан.
Жиембет жырау – Есім ханның замандасы әскербасы батырларының бірі, жорықшы жырауы. Жиембеттің ханға арналған толғауларынан, тарихи деректерге қарағанда, өз заманының ірі феодалы, әлеуметтік саяси істерде үлкен рөл атқарған биі де болған.
Жиембеттен қалған елеулі мұра – оның Есім ханға арналған толғауы.
Жиембеттің ханға қарсы батыл сөйлетіп отырған – артында тұрған руы, белді батырлары. Жиембеттің өз әкесі – Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болса, осы әкеден тараған ұрпақ та қол бастаған батырлар болған. Інісі Жолымбет батыр, немере інісі Байбақты батыр.
ХVІІғасырдың алғашқыжартысындахандық құрғанЕңсегейбойлыЕсімніңтұсындаөмірсүргенжырау – Марғасқа. Есім ханның батыры, әріжорықшыжырауыМарғасқаныңбіздіңзаманымызғабірғанаөлеңіжеткен “Ей, ҚатағаныңханТұрсын” деп басталатын толғауы ЕсімханныңТашкенттіалуоқиғасынабайланыстытуған. Есімханныңжауларыныңбірі – Ташкенттібилеуші, ҚашағанханТұрсынеді. ЕсімханныңШығысқақарай, қалмақтарғақарсыжорыққааттанғанынпайдаланып, қазақ ақындарынашапқыншылық жасайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:
1. Жиембет жырау қай ханның биі, әскербасы, батыры болған?
A) Есім ханнның
B) Абылай ханның
C) Би Темірдің
D) Жәнібек ханның
E) Қасым ханның
2. Жиембет жырау толғауының үзіндісін табыңыз
A) Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп
B)Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен...
C) Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ қала ордам қонған жұрт
D) Күлдір-күлдір кісенетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?
E) Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа
3. Есім ханмен ұзақ жылдар бойы достықта өткен өмірін жырға қосқан қазақ жырауы?
A) Шалкиіз
B) Доспамбет
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Қазтуған
*****
4. Өзінің өрлігін, ерлігін, зорлығы мен беріктігін - жолбарыс пен аюға теңеп жырлаған қазақ жырауы?
A) Доспамбет
B) Жиембет
C) Марғасқа
D) Ақтамберді
E) Шалкиіз
*****
5. Бүгінде қазақ халқының мақалына айналған «қара арғымақ қартайса - қарға адым жер мұң болар. Есіл көзден нұр тайса - бір көруге зар болар» деп басталатын жырдың авторы
A) Доспамбет
B) Қазтуған
C) Асанқайғы
D) Жиембет
E) Бұқар
6. Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы шиеленісті жайдан хабардар ететін шығарманың авторы
A) Ақтамберді
B) Бұқар жырау
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Доспамбет
7. Қайрылып қайыр қылуға,
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман.
Арқаға қарай көшермін, өлең жолдарының автры кім?
A) Ақтамберді
B) Бұқар жырау
C) Жиембет
D) Марғасқа
E) Доспамбет
8. Мінгені Есім ханның ала белді,
Бойында Шідертінің қара көрді.
Көрінген сол қараны кертағы деп,
Аттарын шідер салып қоя берді. Кімнің өлеңі?
A) Доспамбет
B) Қазтуған
C) Асанқайғы
D) Жиембет
E) Марғасқа
Сұрақтар:
1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды?
2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды?
3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды?
4.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай пікір айтты?
4.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға арналған өлеңінің шығыуына не себеп болды?
|