Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


Қазақ хандығының қоғамдық- әлеуметтік жағдайы және әдебиеттің даму ерекшеліктері



бет7/15
Дата02.04.2023
өлшемі110,92 Kb.
#78352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Дәрістер (1)

Қазақ хандығының қоғамдық- әлеуметтік жағдайы және әдебиеттің даму ерекшеліктері
Қазақ халқының дербес мемлекеті ХV ғасырдың орта шенінде қалыптасуы.
«Қазақ» деп аталатын ұлттың орталықтандырылған мемлекет ретінде бірігуімен қазақтың төл әдебиеті қалыптасты. Өзінің елін-жерін – отанын қорғау еді. Бұл дәуірдің әдебиетін әңгіме еткенде халқымыздың осы проблемалары есте тұруы керек». Қазақтың ұлттық болмысын танытқан, халықтың іргелі мәселелерін көтерген әдебиеттің өкілдері – жыраулар еді.
Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері.
Қазақ хандығының құрылуымен бірге ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасындай болып тарих сахнасына қазақ жыраулары шықты.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдебиетті жасаушылар – жыраулар. Мұнда жыраулардың шығармашылық тұлғасы осы кезең аясында ғана туып қалыптасты деу қате болар еді. Жыраудың қоғамдық, шығармашылық тұлғасы көне түркілік замандарда қалыптасып, қазақ қоғамында жаңа сипаттарымен көрінді.
Жыраудың шығармашылық, әлеуметтік тұлғасы жайлы әдебиет тарихына, әсіресе, ХV-ХVІІІғасырлардағы қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған еңбектерде қарастырылады.
Жырауларпоэзиясыныңдамукезеңдері. Қазақтың төл әдебиетінің бастауы болған жыраулар поэзиясы даму тарихында бірнеше кезеңдерді қамтиды.
Жырауларпоэзиясыныңзерттелужайы
Қазақ мәдениетінің тарихы түркілер, ғұндар, сақтар жасаған мәдениетпен ортақ. Толғаужанрыныңтабиғаты.
Қазақ поэзиясы тарихында толғау дербес дәстүрлі жанр ретінде ерте кезде-ақ туып қалыптасқаны белгілі. Әдебиеттегі дара шығармашылықтың, яғни дара әдебиеттіңалғаш толғауларда қалыптасқанын көреміз.
Өзінің тарихи даму процесінде толғау жанры мынадай ерекшеліктермен дараланады:

  • Толғауға тән ерекшеліктердің бірі - тирадаларға бөліну.

  • Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын, яғни жыраулар тілі афоризмдерге бай.

  • Қоғамдық-әлеуметтік сарынының басым болуы.

Толғау жанры қалыптасқаннан бергі уақытта тақырыптық-идеялық тұрғыдан, көркемдік-стильдік тұрғыдан үнемі даму үстінде болды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.


1. Хандық дәуірге жататын жыраулардың халқымызға қайта оралуына, олардың шығармаларының ғылыми айналымға түсуіне ерекше еңбек сіңірген ғалымды көрсетіңіз.
A) Б.Кенжебаев
B) М.Әуезов
C) З.Қабдолов
D) Ә.марғұлан
E) М.Мағауин
*****
2. Қазақ хандығының құрылуы мен оның қалыптасу тарихы туралы қай еңбекте кеңінен баяндалған?
A) М.Х.Дулати «Тарихи рашиди»
B) Қ.Халиди «Тауарих хамса»
C) Ж.Баласағұни «Құтты білік»
D) М.Қашғари «Диуани лұғат-ат түрк»
E) Қ.Жалайыр «Жамиғат тауарих»
*****
3. 1989 жылы жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» жинағын құрастырып, алғы сөзін жазған кімдер?
A) С.Қирабаев М.Базарбаев
B) З.Қабдолов З.Ахметов
C) М.Байділдаев М.Мағауин
D) Қ.Сүйіншәлиев Қ.Сыдықов
E) М.Жармұхамедов Қ.Сыдиқов
*****
4. Жыраулар поэзиясында жиі қолданылатын көне тәсілді көрсетіңіз.
A) синекдоха
B) параллелизм
C) метафора
D) метонимия
E) кейіптеу
*****
5. Үмбетей жыраудың: Құбыла көшкен байтақтың,
Ордасындай Бөгембай!
Темір жұмсап оқ атқан
Қорғасындай Бөгембай!
деген жыр жолдарындағы асты сызылған сөздер көркемдік тәсілдің қай түрлеріне жатады?
A) теңеу
B) эпитет
C) метафора
D) параллелизм
E) инверсия
*****
6. Жыраулық дәстүрдің негізін қалаған ең алғашқы өкілдерін атаңыз
A) Көтеш, Шал ақындар
B) Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар
C) Үмбетей, Бұхар жыраулар
D) Жиембет, Марғасқа жыраулар
E) Кет-бұға, Сыпыра жыраулар
*****
7. Толғау жанрын ой толғау, сыр толғау деп жіктеген ғалым кім?
A) Б.Әбілқасымов
B) М.Мағауин
C) С.Мұқанов
D) М.Әуезов
E) Е.Ысмайылов
*****
8. Жыраулық поэзияның ең соңғы өкілі ретінде кімді атаймыз?
A) Мұрын жырауды
B) Махамбетті
C) Бұқарды
D) Көтеш ақынды
E) Шал ақынды
*****
9. Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін зерттеген ғалым кім?
A) Қ.Өмірәлиев
B) А.Байтұрсынов
C) М.Балақаев
D) Ғ.Қалиев
E) Н.Сауранбаев

10. «Бұл жерде Асан халық тілегінің жоқшысы Асан мұңы - халық мұңы. Оның атына жалғанған «қайғы» деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес» - деген пікірді айтқан кім?


A) Б.Кенжебаев
B) М.Әуезов
C) М.Мағауин
D) С.Сыдиқов
E) З.Қабдолов
Сұрақтар:
1. Қазақ хандығының қалыптасу тарихы.
2. Қазақ мемлекетінің қалыптасып дамуында ерекше көрінген хандардың рөлі (Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуекел, т.б.)
3. Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы және оның әдебиетке ықпалы.
4. Жыраулар поэзиясының даму бағыттары.
5. Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы.
6. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
7. Жыршы және жырау толғауларының ерекшеліктері.
8.Ақын мен жырау тұлғаларына тән ортақтық және айырмашылық сипаттары.
9. Хандық дәуірдегі әдеби-көркемдік дәстүр.
10. Жыраулар поэзиясындағы батырлар бейнесі





9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет