Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


Тәтіқара ақын мен Үмбетей жырау шығармашылығы



бет13/15
Дата02.04.2023
өлшемі110,92 Kb.
#78352
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тәтіқара ақын мен Үмбетей жырау шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тәтіқара ақын- қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын

  2. Тәтіқараның қазақ батырларын жырлауы

  3. Ақынның арнау толғауларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.

  4. Ақын өмірінен мәлімет.

  5. Ақынның 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кіргенЦин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылуы.

  6. Абылайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімдісерігі, оның сарбасшысына дем берушісі болғандығы.

  7. .Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу.

Тәтіқара ақын шығармашылығы. ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнекті өкілі – Тәтіқара ақын. 1.Үмбетей жырау – дәуір мәселелерін жырлаған жырау.
2.Үмбетей жырау толғауларының дидактикалық- философиялық сипаты 3.Үмбетей жыраудың Бөгембайға арналған толғаулары
4. Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық
мәнінде екендігі.
5. Сондай-ақ, оның жыраулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар
туралы толғаған жырлары жайында.

Үмбетей жырау шығармашылығы арнау толғаулардан тұрады. Үмбетейдің ақындық даңқын шығарған Бөгембайға байланысты толғаулары. Бөгенбай батыр – ХVІІІ ғасыр жырауларының шығармашылығындағы ерекше дәріптеле жырланған көрнекті тұлға. ХVІІІ ғасыр поэзиясында Бөгембаймен қатар аталатын тарихи тұлғалар – Қабанбай мен Абылай.


Үмбетей Тілеуұлы Бөгенбай батырдың үзеңгілес жауынгер серігі бола жүріп, халық арасына жыршы ретінде танылған деген пікір білдіреді зерттеушілер/М.Мағауин, Х.Сүйіншалиев/. Оның қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің қызу ортасында болуы тарихи оқиғаларды жырлады дегенге де негіз болатын сияқты. Себебі, Үмбетейдің жыршылық өнерін танытатын «Үмбетей жырлаған жыр еді» дейтіндей мұра бар деген мәліметтер көрсетілмеген. Мұның бәрі хандық дәуірде өмір сүрген тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулердің жетімсіздігін, әлі де көп ізденіс керектігін дәлелдей түседі.
Үмбетейдің Бұқар жырау өмірін суреттейтін толғауы да –тарихи деректерге толы, көркемдігі жоғары, аса құнды шығарма. Жыраудың әлеуметтік, әділдік, адамгершілік мәселелерін арқау еткен «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бұқарға», «Бекболат биге» жырлары, «Жантай батыр» дастаны, тағы да басқа шығармалары бар. Оның өз ағалары Бөке мен Жауғашардың елге жат мінез-құлықтарын әшкерелейтін жырларында сыншылдық сарын басым. Жырау шығармаларының негізгі тақырыбы: ел қорғау, жер қорғау күресі, халық ынтымағы, береке-бірлігі. Халық мүддесіне жат мінез-құлықты әшкерелейді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:
1.Үмбетей жыраудың: Құбыла көшкен байтақтың,
Ордасындай Бөгембай!
Темір жұмсап оқ атқан
Қорғасындай Бөгембай!
деген жыр жолдарындағы асты сызылған сөздер көркемдік тәсілдің қай түрлеріне жатады?
A) теңеу
B) эпитет
C) метафора
D) параллелизм
E) инверсия
*****
2.Жыраулық дәстүрдің негізін қалаған ең алғашқы өкілдерін атаңыз
A) Көтеш, Шал ақындар
B) Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар
C) Үмбетей, Бұхар жыраулар
D) Жиембет, Марғасқа жыраулар
E) Кет-бұға, Сыпыра жыраулар
*****
3.«Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі» деп басталатын толғау қай жыраудікі?
A) Асан қайғы
B) Үмбетей жырау
C) Қазтуған жырау
D) Шал ақын
E) Жиембет жырау
4. Үмбетей жырау жырының үзіндісін табыңыз
A) Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз
B) Еңсегей бойлы ер Есім
Есігіңде келіп тұр
C) Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгембай
D) Есім сені есірткен
Есіл де менің кеңесім
E) Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес
*****
5. Үмбетей жыраудың толғауларында қай батыр ерекше жырланады?
A) Қабанбай батыр
B) Бөгембай батыр
C) Ағыбай батыр
D) Наурызбай батыр
E) Райымбек батыр
*****
6. Үмбетей жыраудың «Үй сыртында ақра тау» деген жыры қай жырауға арналады?
A) Бұқар жырауға
B) Асан қайғыға
C) Тәтіқара ақынға
D) Жиембет жырауға
E) Ақтамберді жырауға

7. Үмбетейдің Бұқара арналған толғауын табыңыз


A) Мен пайғамбардан бастасам
B) Үй сыртымда ақра тау
C) Бұрала біткен емендей
D) Дін пұсырман баласы
E) Бұқарға арналған толғауы жоқ
*****
7.«Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ, -
деген жыр жолдары қай жыраудың шығармасы
A) Бұқардың
B) Үмбетейдің
C) Асан қайғының
D) Шал ақынның
E) Шалкиіздің

8. Төмендегі үзінді қай жыраудың жырынан алынған?


Ор қояндай қабақты,
Қиғаш қамыс құлақты
Сары мысықтай азулы
9. Саптаяқтай ерінді
A) Абай
B) Шал ақын
C) Ақтамберді
D) Бұқар жырау
E) Үмбетей
*****
10. Үмбетей жыраудың естірту түріндегі жырын табыңыз
A)Ей, Ақтамберді, Қабанбай
B) Мен пайғамбардан бастасам
C) Үй сыртында ақра тау
D) Уа, Алатаудай Ақшадан
E) Ей, Абылай, Абылай
Сұрақтар:
1.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі неде?
2. «Бөгембай өліміне» өлеңінің шығу тарихы қалай?
3.Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі қалай сипатталған?
4. Үмбетей жырау шығармаларын мазмұн мен форма жағынан бірлікте, тұтастықта қарастыру;
5. шығарманың түрлік, жанрлық ерешеліктерін тану арқылы әдебиеттің даму үдерісіне қатысын қарастыру;
6. Үмбетей жыраудың толғауларын тудырып отырған тарихи кезеңді, тарихи оқиғаларды зерделеу;

  1. 7. толғаудың тақырыбы мен өзекті ойын айқындау;




14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет