Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс №1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су. Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы


Су биосфераның аса маңызды элементі. Гидросфера. Криосфера



бет2/13
Дата06.03.2023
өлшемі135,76 Kb.
#72122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дарис 6

Су биосфераның аса маңызды элементі. Гидросфера. Криосфера.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Гидросфера.
2. Криосфера.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Табиғатта су әртүрлі күйде кездеседі: газ, сұйық және қатты. Ол үздіксіз қозғалып, бір күйден екінші күйге ауысып отырады, сөйтіп ішкі және сыртқы айналымға түседі: су қоймасы-булану-конденсациялану-жуын-шышындар-су қоймасы.
Ішкі және сыртқы айналымдар кез-келген уақытта үздіксіз жүріп жатады. Өзендер, көлдер, теңіздер мен мұхиттардың болуы осыған байланысты. Су табиғатта таза күйінде болмайды. Өйткен суда әрдайым айналым процесі кезінде онымен жанасатын еріген заттардың белгілі бір мөлшерлері болады. Табиғи суларды құрамы өте күрделі химиялық ерітінді деп санауға болады. Табиғи суларда жер бетінде белгілі барлық химиялық элементтер кездеседі, бірақ олардың көп мөлшері өте аз болғандықтан, әзірше анализ әдістерінің жеткіліксіз сезімталдығынан әлі анықталмай отыр. Оларды жанама жолмен сулы ортадан химиялық элементтерді жинайтын теңіз организмдерінен табады. Мысалы, кобальт, никель және қалайы голотурийлері, омарлар мен устрицалардың қанында табылған. Кейбір элементтердің боуы олардың теңіз шөгінділерінде табылуымен дәлелденеді.
Табиғи сулардың химиялық құрамын шартты түрде 5 топқа бөледі:

  1. ең негізгі тұз түзетін иондар,

  2. еріген газдар,

  3. биогенді заттар,

  4. микроэлементтер,

  5. органикалық қосылыстар

Сонымен қатар теңіз суында әрқашан бейорганикалық және органикалық жүзгіндер түрінде, қатты заттардың белгілі бір мөлшері болады.
Төменгі температурада су газдар да жақсы ериді, олар – оттегі, азот, көмірқышқыл газы, күкіртсутек.
Судың құрамында минералды тұздардың көбеюі газдарың ерекшелігін төмендетеді. Мысалы, 0°С-да оттегі газының 1 г/л тұз бар судың ерекшелігі 49 мл, ал 30 г/л тұздар бар ертіндіде – 1,5, демек үш есе аз. Судың құрамында тұз және газдардан басқа ерімеген жүзінді заттар бар.
Табиғат суларында еріменген жүзінді заттар – құм, саз балшық, өсімдік және жәндіктердің қалдықтары, әртүрлі микроорганизмдер болады. Су құрамында микроорганизмдер – адамға, малға ауру жұқтыруы мүмкін. Бұл заттардың теңіз суындағы орташа мөлшері 10-15 мг/л, ал көл суларында 10-150 мг/л болады.
Табиғи сулардың құрамында суда еритін басқа органикалық заттар бар, олар – белоктар, спирттер. Бұлар су кеңістігінде және жағалауда мекендейтін жануар және өсімдік организмдерінің ыдырауынан пайда болған.
Планетамыздағы ең көп су – әлемдік мұхит. Адамның қанында және мұхит суларындағы тұздардың элементтік құрамы бір-біріне жақын келеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Бу қазандарына жіберетін суды қандай әдіспен өңдейді:
А) ион алмасу
В) ізбестеу
С) &термиялық
D) химиялық
Е) физикалық
*****
Ағызынды сулар негізгі неше топқа бөлінеді:
А) 5
В) 4
С) 6
D) 2
Е) &3
*****
Табиғи сулардың химиялық құрамын анықтайтын негізгі факторларды қанша топқа бөлуге болады:
А) 3
В) 4
С) &2
D) 6
Е) 5
*****
Жаңбыр суындағы еріген және қалқымалы заттардың жалпы мөлшері қанша:
А) &10-20 мг/л
В) 40-60 мг/л
С) 50-80 мг/л
D) 50-90 мг/л
Е) 30-50 мг/л
*****
Бүкіл әлемдік мұхитта еріген тұздардың жалпы мөлшері қандай шамаға жетті:
А) 39,12 т
В) &56,1011 т
С) 40,91 т
D) 9,01 т
Е) 29,102 т
*****
Теңіз суларындағы хлоридтердің мөлшері қандай:
А) &88,65 %
В) 0,22 %
С) 1,33 %
D) 49,65 %
Е) 25,89 %
*****
Өзен суларындағы карбонаттардың мөлшері қандай:
А) 26,1 %
В) 9,5 %
С) 5,2 %
D) &60,1 %
Е) 33,9 %
*****
Теңіз суында қандай тұздар басым болады:
А) сульфаттар
В) органикалық қосылыстар
С) &хлоридтер
D) нитридтер
Е) карбонаттар
*****
Өзен суында қандай тұздар басым болады:
А) хлоридтер
В) органикалық қосылыстар
С) сульфаттар
D) нитридтер
Е) &карбонаттар
*****
Жаңбыр суындағы еріген және қалқымалы заттардың құрамында мына газдар болады:
А) К+, Cl-, N2
В) &N2, O2, CO2
С) Ca2+, CO2
D) Мg2+, Na+, N2
Е) SO42-, CO2
*****
Жаңбыр суында орташа минералдану қанша:
А) 86,88 мг/л
В) 76,9 мг/л
С) 66,04 мг/л
D) &16,2 мг/л
Е) 59,77 мг/л
*****
Калийдың теңіз суындағы мөлшері қандай:
А) 110
В) &380
С) 97
D) 0,38
Е) 28
*****
Көміртегінің теңіз суындағы мөлшері қандай:
А) 0,5
В) 6,1
С) &28
D) 1,3
Е) ,009
*****

1

№ 3
дәріс

3 дәріс. Ащы су. Тұщы су. Судың өздігінен тазаруы.
Су – тірі организмнің қажетті заты, өйткені денедегі биохимиялық процестер тек суы бар ортада орындалады. Су мен минералдық тұздардың қатысуында организмдегі тіршілікке қажетті процестер іске асады. Бұл биохимиялық реакциялар жүретін негізгі орта. Су құрамындағы минералдық заттардың иондары, қанның активті реакциясының, ондағы қышқылдар мен негіздердің тиісті қатынасының сақталуына мүмкіншілік туғызады. Су мен тұздардың қатысуында организмде диффузия, осмос және түрлі тамақ өнімдерінің сіңуі жүреді. Зат алмасудың организмге қажеті жоқ өнімдері де сыртқа, суда еріген күйінде шығарылады. Ыстық бөлмелерде немесе далада жұмыс істегенде тер шығып, осының негізінде дене температурасы реттеледі.
Су табиғатта ең көп таралған зат. Ол үш агрегаттық күйде кездеседі Су жер шарының 71% (3/4) бөлігін алып жатыр, оның мөлшері 1500 млн. км3. Судың жер шарындағы қоры: полярлы мұздарда-30-50 млн.км3, жер асты және минералданған су-4 млн. км3, өзен мен көлдер-0,4 млн.км3, мұхит, теңіз-1350 млн. км3, батпақ-6 мың км3.
Осылармен қатар – су, су буы және бұлт бөлшектері түрінде атмосфера құрамында болады. Судың көпшілігі теңіз бен мұхиттарда, жердің полюс шетіндегі мұздықтарда, биік таулардың басындағы қарларда кездеседі. Осы мұзбен қар ерісе мұхиттар мен теңіздердегі су деңгейі 50 м шамасына көтерілуі мүмкін.
Ауыз су – таза деп есептелінгенімен, оның құрамында әртүрлі аниондар мен катиондар бар. Тұщы суда еріген заттардың мөлшері 1 г/л-ден аспайды.
Теңіз суларында тұздың мөлшері, литрінде ондаған грамға дейін жетеді Мысалы, Балтық теңізінде 5 г/л, Қара теңізде 18 г/л, Қызыл теңізде 41 г/л. Теңіз суының құрамында 89% хлоридтер, 10% сулфаттар, 1% карбонаттар болады. Тұщы судағы тұздардың 80% карбонаттар, 13% сульфаттар, 7% хлоридтер.
Төменгі температураларда оттегі, азот, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы суда жақсы ериді. Судың құрамында тұз және газдардан басқа ерімеген жүзгінді заттар: құм, саз, балшық, өсімдік және жәндіктердің қалдықтары, әртүрлі микроорганизмдер болады.
Планетамыздағы ең көп су – әлемдік мұхитта. Мұхит суы бейорганикалық және органикалық заттардың концентрленген ерітіндісі. Орта есеппен 1 л мұхит суында 35 г тұз бар. Әлемдік мұхит – минералдық шикі заттардың өте бай қазыналарының бірі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Судың түрлері. Ақаба сулар. Ауыз суы. Ащы су. Тұщы су. Судың ластану жолдары. Судың өздігінен тазаруы.
Технологиялық процестерде қолданылған сулар ақаба сулардың қандай тобына жатады:
А) тұрмыстық
В) физика-химиялық
С) &өндірістік
D) жауын-шашындық
Е) биологиялық
*****
Ақаба сулардағы қауіпті микроорганизмдерді, биологиялық қалдықтарды жою үшін кеңінен қолданылатын әдіс:
А) флокуляция
В) механикалық әдіс
С) экстракция әдісі
D) &дезинфекциялау
Е) биолгиялық әдіс
*****
Сорбцияның қанша түрі бар:
А) 2
В)5
С) &3
D) жіктелмейді
Е) 10
*****
Дисперсті бөлшектердің өзара әрекеттесіп, агрегатқа бірігуі, бұл - :
А) абсорбция
В) хемосорбция
С) &коагуляция
D) флотация
Е) экстракция
*****
Озонды тікелей тазарту орыдарында неден алады:
А) &озонаторларда
В) электродиализаторларда
С) электролизерларда
D) озонды олай алуға болмайды
Е) дұрыс жауап жоқ
*****
ПАА (полиакриламиD) қандай флокулянт:
А) &синтетикалық-органикалық
В) механикалық-биологиялық
С) бейорганикалық
D) физикалық
Е) аралас
*****
Ақаба суларды тұндырудың қай сатысында коагулянтсыз тұндырғышта тұндырылады:
А) &бірінші сатысында
В) екінші сатысында
С) үшінші сатысында
D) төртінші сатысында
Е) ондай саты жоқ
*****
Флокуляция әдісінде коагуляция процесінің жүруін және судағы қоспалардың тұнуын тездету үшін не қолданылады:
А) ауыр металдар
В) &жоғарғы молекулалық қосылыстар
С) сорбенттер
D) коагулянттар
Е) дұрыс жауап жоқ
*****
Суды ауыр металдардан тазалауда қолданылатын негізгі әдістерді көрсет:
А) тұнбаға түсіру
В) ион алмасу
С) экстракция
D) электродиализ
Е) &жауаптардың барлығы дұрыс
*****
Ақаба сулардағы бактериялардың өсуіне әкелетін қосылысты көрсет:
А) магни қосылыстары
В) &фосфор қосылыстары
С) алюмини қосылыстары
D) күкірт қосылыстары
Е) мырыш қосылыстары
*****
Электролиздеу әдісінде анод ретінде нені қолданады:
А) &күміс
В) графит
С) көмір
D) фосфор
Е) металл
*****
Ион алмасу әдісінде ионалмастырғыш ретінде нені қолдануға болады:
А) алюмосиликаттар
В) сульфокөмірлер
С) синтетикалық смолалар
D) силикагельдер
Е) &жауаптардың барлығы дұрыс

1

№ 4
дәріс

4 дәріс. Ауыз суы. Ауыз суындағы химиялық қосылыстар.
Табиғи судың құрамында әртүрлі тұздар болады. Жер қыртысында кальций мен магний қосылыстары кеңінен тарағандықтан олар табиғи судың да құрамына кіреді. Судың құрамында кальций мен магний тұздары көп мөлшерде болса, олар ауыз су ретінде пайдаланбауы былай тұрсын, олар тіпті, ауыл шаруашылығы және өндіріс қажеттілігіне де жарамсыз келеді. Мұндай сулар кермек сулар деп аталады. Судың кермектігі тұрақты (карбонатты емес) және уақытша (карбонатты) кермектік деп 2 түрге бөлінеді. Судың кермектігінің ауыл шаруашылығында және өндірісте келтіретін зияны мол. Мысалы, бу қазандарында, құбырларда тығыз қақтар пайда болады да, отынның көп мөлшерде жұмсалуына, кейде қазандардың тез жарылып, ерте тозуына әкеп соғады. Мұндай суларды, тамақ, тоқыма және химиялық өндірістерде де пайдалануға болмайды.
Кермектің өлшем бірлігі мг-экв/л, ал сандық мөлшері кальций және магний иондарының концентрациясының қосындысына тең.
Судың кермектілігін мынандай формуламен есептеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет