Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс №1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су. Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы
№ 1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су.Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Судың қасиеттері
2. Судың изотоптық түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Су молекуласындағы атомдар симметриялы емес орналасады. Температура өзгергенде су молекуласы қайта топтасады. Су молекуласы 3 атомнан тұрады, яғни бір атом оттегі және екі сутегі атомынан тұрады. Молекула сыртқы орбиталдардағы электрондардың әрекеттесуі арқылы атомдардың қаптасуынан түзіледі. Сөйтіп бір мезгілде оң және теріс зарядты болатын жүйе құрылады. Су молекуласында атомдар ядролары тең қабырғалы үшбұрыш төбелеріне орналасады. Ал екі тең қабырға арасындағы бұрыш су молекуласында 1040C, мұз молекуласында 1090C болады.
Атомдардың осындай орналасуы байланысты молекулалардың тұрақтылығы жоғары болады. Молекулалардың құрамдас бөліктерін ұстап тұратын электрлік байланыстар өте күшті болғандықтан, атомдар арасындағы байланысты үзу үшін өте көп энергия керек. Су буы молекуласының H2-ге және O2-ге диссоциациялануы 10000C-тен жоғары температурада басталады. 20000C-те молекуланың 1,8%, ал 30920C-те 13% ыдырайды. Қалыпты температурада 10 миллион су молекуласының біреуі ғана иондарға ыдырайды.
Құрылымның осындай болуына байланысты су молекуласының оң және теріс зарядтары біркелкі орналаспайды және олардың электростатикалық орталықтары сәйкес келмейді. Оттегі атомының электртерістігі онымен байланысқан екі сутегі атомына қарағанда басым болғандықтан, ол байланыстырушы электрондарды сутегі атомынан өзіне қарай тартады. Мұндай полюсті ковалентті байланыстың түзілуі нәтижесінде диполь пайда болады. Оттегі атомы аздаған теріс зарядқа, ал әрбір сутегі атомы оң зарядқа ие болады. Сутегі атомының бұл оң заряды көрші су молекуласындағы оттегі атомындағы бос электрондық жұпқа тартылады.
Сутегі атомы мен электртеріс атом арасында пайда болған тартылыс күшін сутектік байланыс деп атайды. Ковалентті байланысқа қарағанда бұл байланыс өте әлсіз болғанымен, ол судың бірқатар аномалді физикалық қасиеттердің болуына әкеледі.
Жерде тіршіліктің болуын қамтамасыз ететін судың ең маңызды қасиеттеріне оның қайнау және қату температуралары жатады. Қалыпты атмосфералық қысымда (760 мм. сын. бағ., 101325 Па), 0 0С температурада су қатты күйге өтеді және 100 0С температурада қайнайды. Қысым төмендегенде мұздың еру температурасы өседі, ал судың қайнау температурасы төмендейді. Қысым 611,73 Па (0,006 атм) болғанда қайнау және еру температураларының мәні бірдей болады, 0,01 0С тең болады. Өте төмен қысымда су сұйық күйде бола алмайды, сондықтан буға айналады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Бақылау сұрақтары:
Жер шарының неше бөлігін су алып жатыр?
Судың қандай аномалді қасиеттері бар?
Су молекуласы құрылымының қандай ерекшеліктері бар?
Сутегі мен оттегінің қандай изотоптарын білесіңдер?
Молекуланың құрамына кіретін сутегі изотоптарының түрлеріне байланысты, судың қандай түрлері кездеседі?
1. Суды зарарсыздандырудың физикалық әдістері:
A) галогендермен, озонмен өңдеу
B) фильтрлеу, ультрадыбыс, гидравликалық соққы;
C) галогендрмен өңдеу және ультрадыбыс;
D) фильтрлеу және күміс ионымен өңдеу;
E) магниттік өңдеу және озонмен өңдеу.
*****
2. Хлорды суда еріткенде гидролиз реакциясы жүріп, түзілетін өнім:
A) хлор және азот қышқылы;
B) хлорлы қышқыл және хлорсутек қышқылы;
C) хлор молекуласы жәнеоттегі молекуласы;
D)оттегі және сутегі молекуласы;
E)хлорлы қышқыл және сутегі молекуласы.
*****
3. Судағы органикалық және бейорганикалық заттардың жалпы мөлшері:
A) сілтілігі;
B) карбонатты емес сұйықтық;
C)сутектік көрсеткіш;
D) минерализация;
E) карбонатты сұйықтық;
*****
4. Газдар және органикалық заттар ластағыштардың қай түріне жатады:
A) жоғары молекулалық заттар;
B) эмульсиялар;
C) молекулалық ерітінділер;
D) иондық ерітінділер;
E) суспензиялар.
*****
5. Тұздар, қышқылдар, минералдық және органикалық негіздер ластағыштардың қай түріне жатады:
A) жоғары молекулалық заттар;
B) иондық ерітініділер;
C) молекулярлық ерітінділер;
D) коллоидтық ерітінділер;
E) эмульсиялар.
*****
6. Қай жағдайда табиғи судағы мөлшері төмендейді:
A)фотосинтез процесінде;
B)органикалық заттар тотыққанда;
C)вулкан газдары бөлінгенде;
D)жер асты минералдық көздер түзілгенде;
E) тұнбалы породалардың күрделі метаморфизации процесінің нәтижесінде.
*****
7. Судың ластану индексі (СЛИ) 0,2 дейін болса:
A) 1 сыныпқа жатады және өте таза су деп сипатталады;
B)2сыныпқа жатады және таза су деп сипатталады;
C) 3 сыныпқа жатады және аздап ластанған су деп сипатталады;
D)4сыныпқа жатады және ластанған су деп сипатталады;
E)5 классқа жатады және өте ластанған су деп сипатталады;
*****