Дәріс тезистері


К. Линнейдің эволюциялық ілімі



бет20/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
К. Линнейдің эволюциялық ілімі. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 ж.ж.) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибеге енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді.К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрлысына қарай 6 класқа жіктеді:1.Сүтқоректілер; 2.Құстар; 3.Амфибиялар;4. Балықтар; 5. Бунақденелілер; 6.Құрттар.

Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы фраңцуз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегін- де түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның (латынша “эволюция” - төңкеру, қопару) бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға “биология” деген терминді енгізіп, жануар- лар дүниесін омыртқалылар, омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6 сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын (градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық формалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай біртіңдеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі. Ламарк эволюция жүйесі туралы ой-пікірін қорыта келе мынадай болжам ұсынды: орта жағдайларының өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағаңдықтан, керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады (Ламарктың бірінші заңы). Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды. (Ламарктың екінші заңы). Бұған бірнеше мысалдар келтірейік. Ламарктың пікірі бойынша тіссіз (киттердің, құмырысқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі, олардың ата тектерінің қоректік заттарды шайнамай жұтуының салдарынан болса, жер астында тіршілік ететіннің айтты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет