Дәріс тезистері



бет5/12
Дата14.03.2023
өлшемі80,79 Kb.
#73957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Краткое содержание лекции 2

Бірінші кезең — Б.з.д. VIII ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, “Қос мүйізді Ескендір”, “Көк төбет”, “Көк бөрі”, “Шыңырау”, “Ақку”, “Сарын”, “Өгіз өлген”, “Тарғыл бұқа”, “Боз іңген”, “Боз айғыр” сияқты күй-сарындар. Бүл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді. Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғғ.). Бұған Қорқыттың күйлері — “Қоркыт”, “Тарғыл тана”, “Ұшардың Ұлуы”, “Желмая”, қазір аты белгісіз сазгерлердің “Абыз толғауы”, “Саймақтың сары өзені”, “Айрауықтың ащы зары”, т. б. күйлер жатады. Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғғ.). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Едіге”, “Қырымның қырык батыры”, “Орақ—Мамай” сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек казақ халқы. Өйткені “қазақ” атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —“ноғайлы елі” деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына “Ақсақ құлан”, “Жошы ханның жортуылы”, “Шора батыр”, “Әмір ақсақ”, “Қамбар күйі”, Асанқайғының “Ел айырылған”, Қазтуғанның “Сағыныш” сияқты күйлері жатады. Төртінші кезең—жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғғ.). Оған: “Елім-ай” әні, “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ биі”, “Беласар”, “Абылайдың қара жорғасы”, т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазак батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады. Бесінші кезең—XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сиякты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Акан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.
3. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар

  1. XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар.

  2. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын кезеңдерге бөлуі. 

  3. Би халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретінде.

1

№ 7
дәріс

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ (VI Ғ. – ХІІІ Ғ.)
Дәріс жоспары:

  1. VI-XIII ғғ. бас кезіндегі қалалар

2. Діни наным-сенімдер.
3. Ежелгі түрік жазу ескерткіштері.
4. Ғалымдар мен ойшылдар.
Сәулет өнері мен қала құрылысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы қалажұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Бірісыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавғар. Жетісудың Оңтүстік-Батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық мәліметтерге қарағанда, қала жұрты бар деп есептеледі. Олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжайды. Қазақстанның оңтүстігінде орта азиялықтарға сәйкес ірі қалалар үш бөліктен – қамалдан, шахристаннан және рабадтан тұрады. Цитадель – өз бетінше қорғануға лайықталған қаланың немесе бекіністің анағұрлым бекінген орталық бөлігі, қорғаушылардың штурм кезіндегі соңғы баспанасы. Қалалардың цитадельдерінде билеушілер сарайлары орналасты, олардың интерьерлерін топырақтың, қашалған ағаштар үстінен әшекейлеу, оюлау арқылы сәндендірді. Шахристан – қаланың негізгі ядросы (билеуші мен ақсүйектердің резиденциясы), оған қабырғамен қоршалған цитадель жатады. Рабад – шахристаннан тыс орналасқан қолөнер слободасы жатады. Сырдарияда Құйрықтөбе қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде ХІ – ХІІ ғғ. басындағы кварталдардың қалдықтары ашылған. Олардың әрқайсысында 8 бастап 10 дейін үйлер санауға болады. Қаланың қазып алынған кварталдарының бірінде қолөнер кәсіпкерлігі болған – көзешілер қоныстанған. Қарастырылатын кезеңнің қалалық құрылысы құрылымындағы жаңа элемент мешіт болып табылады. IX - XII ғғ. жазбаша шығармаларында қалаларды сипаттау кезінде міндетті түрде мешіт, оның қалада орналасуы ескеріледі. Қала өміріндегі маңызды роль базарға және сауда құрылыстарына берілді. Қала ішілік рыноктарды араб авторлары - «сук» және «асвак», парсылықтар «базар» деп атайды. Базарлар шахристанда да және рабадтар аумағында болатын. X – XII ғғ. Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда болды. Оларды Орта Азияда біршама ерте сала бастады. Үлкен қалаларда бірнеше ондаған моншаларды санауға болатын. Қоғамдық құрылыс қатарында монша көрнекті орын алды. Отырар рабадында XI – XII ғғ. екі монша қазып алынды. Оңтүстік Қазақстанда қала үйлерінің дәстүрлі даму желісін жалғастырған XII-XIII ғғ. үйлерде жаңа типті ошақтар – өсімдіктің және геометриялық өрнектермен әсем әшекейленген дөңгелек және тік бұрышты темір пеш- сандалдар пайда болады. Жетісуда жаңа қалалардың саны да артты. Ережеге сай, қалалар сауда жағынан да және стратегиялық жағынан да қолайлы жерлерде немесе ықшам аудандар мен облыстардың орталықтарында орналасты. Қалалар мен қала мәдениетінің дамуында Жібек жолы бойымен транзиттік сауда маңызды роль атқарды. Қалалардың орналасуының өзі олардың сауда жолдары трассаларына байланымын көрсетеді. Сауда қаланың дамуында маңызды факторлардың бірі ретінде қызмет етті. Қалада негізгі үш бағыт түйісті: елдер арасында тауар алмасу, қолөнері мен ауыл шаруашылығы (қала мен оның төңірегі), қала мен көшпенді дала арасында болды.
2.Ертедегі түрік дінінің негізі Көкке (Тәңір және Жер-суға ) табыну. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-Ұмай ана. Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Ұмай анаға табыну Алтай халықтарының түркі тілдес халықтарында ХІХ ғ. соңына дейін сақталған. Сонымен қатар Ұмай ана түріктердің жоғарғы күштерінің үштігіне кіреді. Көне түріктер арасында әртүрлі заттарға табынушылық кеңінен таралды. Олардың ішінде отқа, жануарлар мен өсімдіктерге табынушылық атақты болды.
3. Түрік қағанат тарихының бастапқы кезінде соғды жазуы мен түрік тайпаларында рулық таңбалармен қатар рун жазуы пайда болды. Ол 38 таңбадан тұрды. Бұл таңбалар соғды жазуына қарағанда ағашқа, тасқа жазуға арналған. Енисей және Орхон өзендерінің бойында заттар табылғандықтан ол жазуды «Орхон-Енисейлік» деп атады. Түрік руналық жазуымен қатар Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда соғды тілі кеңінен тарады. Ол тіл халықаралық қатынастар тілі соғдылар мен түріктер шоғырланған жерлерде пайдаланады және халықаралық қатынастар ретінде пайдаланады, одан басқа сириялық, ұйғыр жазуларын жаза білді. Ежелгі түрік рун жазуды ұйғыр тайпасы, одан соң араб жазуының ықпал етуімен ХІ-ХІІ ғғ. ислам қабылдады.
4. Орта ғасырларға мәдениет дамуының куәсі-фәлсафашы, әрі әмбебапшы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің ғылыми мұрасы. Ол философия, математика, геодезия, архитектура және музыка теориясымен айналысып, әдеп саласындағы зерттеулермен танымал болған. Оны Аристотельден кейінгі мұсылман шығысында «Екінші ұстаз» деп атаған. Әль-Фараби 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында туған. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында дүние салды. Әль-Фараби шығармалары араб тілінде жазылған. Бізге оның 160-тан астам еңбегі танымал. Оның философиялық, әлеуметтік-экономикалық логикалық трактаттары жеке басылым болып шықты.
Х-ХІІ ғғ. Түрік тілдес әдебиеттерінің өкілі Жүсіп Баласағұн. Ол 1069-1070 ж. «Құдадғу білік» поэмасын жазды. «Құдадғу білік» 6520 бөлімнен (85 тараудан) және қосымша 124 бөлімнен тұрады. Поэма кіріспесінде ол «бограхан тілінде, түрік сөздерімен жазылған» деген. «Құдадғу білік»-этникалық-моральдық трактат, яғни ғылыми шығарма ғана емес, ол қоғамның ережесін суреттейтін өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып табылатын философиялық-дидактикалық шығарма.
М. Қашқари бастапқы білімін Қашқарда алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Бұхара мен Нишапурдан білім алады. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін әдеп-ғұрыптарын жазып алады. Зерттеулерін жинақтап 1072-1083 ж. «Диуани лұғат-ат –түрік» (түрік тілінің сөздігі) деген еңбегін жазады. Орта ғасырларда түріктің суфизмнің басшысы, ойшыл ақын Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрді. Оның өмір сүрген уақыты әртүрлі беріледі (73 жас, 85 жас, 125 жас). 1166 ж. қайтыс болғаны нақты белгілі. Оның қыпшақ диалектімен түрік тілінде өлеңмен жазылған «Диуани-и-хикмет» еңбегі сақталған.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар

  1. Қалалар мен қала мәдениетінің дамуы.

  2. Түрік тайпаларының рулық таңбалар мен рун жазулары.

  3. Орта ғасырдағы философтардың шығармаларының маңыздылығы.




1

№ 8 дәріс

Орындаушы өнер (фольклор, ән, би) Дәріс жоспары:
1. Музыка туралы үлкен кітап.
2. Халық өлеңдері.
3. Халықтық билер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар. Сондықтан да əл-Фарабидің музыка саласы бойынша жазылған теориялық мұраларды терең ұғынуға мүмкіндік береді- дейді Бурабаев М.С.[1. əл- Фараби. В кн. Трактаты о музыке и поэзии статья Бурабаева М.С. Философия искусство Абу-Насыра аль-Фараби. Алматы, 1993, с.6] əл-Фараби эстетикалық-музыкалық ілімдерін танып білуде профессор М.С. Бурабаевтың жетекшілік етуімен жарық көрген əл-Фарабидің «Трактаты о музыке и поэзии» (1993) Профессор А.Х. Қасымжановтың «Эстетические взгляды аль-Фараби» (екеуі де орыс тілінде) деген шығармаларының алғашқы зерттеулердің бірі ретінде үлкен мəні бар. Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды əсерін, дəлелдеді, сондай-ақ оның тəрбиелік мəні зор екенін баса айтты. «Музыканың үлкен кітабы»: музыка өнеріне кіріспе; музыка өнерінің негіздері музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Европа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен əсерін тигізді. 1930-35 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Г. Эрланже француз тіліне «Музыканың үлкен кітабын» аударған. Əбу Насыр əл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап. (Алматы., 2008. 29 б)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет