Дәріс тезистері


əл-Фараби бұл еңбекті өз замандастарының өтініші бойынша дəлірек айтқанда Əбу Жағфар Мұхаммед ибн əл-Қасым əл-Кирхи уəзірдің өтініші бойынша жазған екен



бет6/12
Дата14.03.2023
өлшемі80,79 Kb.
#73957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Краткое содержание лекции 2

əл-Фараби бұл еңбекті өз замандастарының өтініші бойынша дəлірек айтқанда Əбу Жағфар Мұхаммед ибн əл-Қасым əл-Кирхи уəзірдің өтініші бойынша жазған екен. Біздер үшін əл-Фарабидің бұл еңбегі музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи жəне мəдени мұра.
2.Қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн. Исламның Қазақстан жеріне енуі (VІІІ ғ) Түркі қағанаты қалыптастырған мәдениетке өзгерістер әкелді, фольклорға мұсылмандық қасиет дарытты және басқа да ескі дүниелерді мұсылмандырып, басқа арнаға түсті.Мұның өзі фольклорды жаңа бесікке көтерді, сөйтіп толыққанды классикалық фольклордың қалыптасуына игі ықпал етті. Сонымен орта ғасырларда, әсіресе оның дамыған кезеңінде және соңғы дәуірінде қазақ фольклорының барлық дерлік жанры түгел қалыптасып болды және біртұтас руханиятқа айналды. Жаңа дәуірде олар өзінің бүкіл көркемдік-эстетикалық жүйесін орнықтырып, жаңа сападағы классикалық фольклор түрінде дами түсті. Жаңа дәуірдегі фольклор. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдан бергі уақытты қамтиды. Әлбетте, фольклор –өмірдің ағымы сияқты тез өзгере беретін құбылыс емес. Дегенмен, халық тұрмысымен, оның санасымен тікелей байланыста болған соң ол да әр кезде өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен үш ғасырдай жүргізген соғысы халық өмірінің барлық саласына әсер етті, ал рухани мәдениетте ерекше із қалдырды. Фольклор да айтарлықтай жаңарып, оның жанрлық құрамы толыға түсті әрі көркемдік саласына әсер етті. Бізге жеткен фольклор нұсқалары, негізінен осы жаңа дәуірде яғни ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сұрыпталып, көркемдік жағынан әрленіп, жүйеленіп, осы күнгі қалпына жеткен деуге болады. Жаңа дәуірдегі фольклорлық дәстүрдің өрлей түсуіне ақындар мен жыршылар ерекше үлес қосты. Олар өмірде болған ірі оқиғалардың арасында болып, соның ізімен көргендері мен естігендері туралы неше алуан әңгіме, аңыз, өлең тудырып отырған. Олар тудырған шығармалар ауызша туып, ауызша тарағандықтан бірте-бірте фольклорлық айналымға түсіп, алғашқы авторлық шығарма халық дүниесіне айналған. Бізге жеткен көптеген жырдың, өлеңнің, ән-күйдің фольклорлық сипатта болуының басты себебі-осы. 
3. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды.
Осы дәріске( ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар

  1. Фарабидің музыка саласы бойынша жазған теориялық мұралары.

  2. Ислам дінінің классикалық фольклордың қалыптасуына игі ықпалдары.

  3. Жаңа дәуірдегі фольклор қай уақытты қамтиды.

  4. Қазақ биінің өркендеуі.

1

№ 9
дәріс

XIX ғасыр Қазақстан өнері.
Дәріс жоспары:
1.Қазақ фольклоры.
2. Қазақ әдебиеті.
3. Қазақтардың қолданбалы өнерін зерттеушілер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әртүрлі халықтардың фольклорына арналған. Оның 1-кітабы (1886) – Алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) – қазақ; 4-кітабы (1872) – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері» (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Көкше», «Ер Тарғын», «Сайын батыр») болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. В.В.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет