Дәріс тезистеріне қосымша материалдар


Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады



бет8/12
Дата28.03.2023
өлшемі68,79 Kb.
#76685
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
АртББ.Қосымша материалдар.Дәріс тезистеріне.2022.

Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды.
3. Қазақтардың қолданбалы өнерінің тарихын зерттеуде зерттеушілердің, саяхатшылардың және суретшілердің нобайлары маңызды деректі еңбек қызметін атқарды. Оларда қазақ ауылының өмірі, киіз үй жабдықтары, оның ажырамас бөлігі болған кілем-киіз бұйымдары, ұлттық киім, ағаш пен металдан дайындалған тұрмыс заттары, ас үй бұйымы, қару-жарақ, ер-тұрман және т.б. қайта жанданды. Осылайша Мемлекеттік мұражайдың, антропология мен этнография мұражайының, Омскінің, Томскінің облыстық тарихи-өлкетану мұражайларының қорларында қазақтардың халықтық қолданбалы өнерін зерттеуде сөзсіз қызығушылық тудыратын Г.Потаниннің, А.Чернышевскийдің, А.Мартыновтың салған суреттері сақталған. XIX ғасырдың бірінші жартысында Омск мұражайының арнайы тапсырмаларының бірін Б.Клодт орындап, Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы халықтық ою-өрнек суреттерінің топтамасын жасады.

Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар



  1. XIX ғ. қазақ халқының фольклорын зерттеген орыс ғалымы В.В. Радловтың еңбектері.

  2. XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылыстың ерекшеліктері.

  3. Алғашқы баспа кітаптардың шығуы.

  4. Қазақтардың қолданбалы өнерінің тарихын зерттеушілер.




1

№ 10-11
дәріс

ХХ ғасыр Қазақстан өнері.
Дәріс жоспары:
1. Б.Сарыбаев музыкалық аспаптар зерттеуші.
2. Қазақстан бейнелеу өнері
1.Дәрістің қысқаша мазмұны: ХХ ғасырдың 1960 жылдарына дейін қолданыста қобыз, домбыра, сыбызға және дауылпаз аспаптары ғана пайдаланылып келсе, Б.Сарыбаев сол өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап осы аталған аспаптардан басқа да қазақтың отыздан астам түрлі музыкалық аспаптары бар екенін дәлелдеп шықты. Дәлелдеген, аспаптарын орындалу ерекшеліктеріне байланысты топқа бөліп, кестелеп, жіктеді. Жіктеу кестесінде – аспаптарды шертіп ойнау, үрлеп ойнау, ұрып ойнау, сілкіп ойнау деген тәрізді түрлерге бөлгендегі жүйе және сол аспаптарда орындау, ойнау ерекшеліктеріне байланысты анықтама, нақтылай айтқанда, музыкалық аспаптардың классификациялық жүйесі көрсетілді. Бұл аспаптану ғылымы саласында тұңғыш ашылған, музыка мәдениетіміздегі бұрын-соңды болмаған аса ірі таңқаларлық жаңалық еді. Б.Сарыбаев кестесінде: «сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпілдек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай, мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней, жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз, даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл, шаңқобыз, асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, және қоңырау» аспаптары тізіліп көрсетілген. Бұл аспаптар қатарына Б.Сарыбаев зерттеулерінде атаулары бар, әйтсе де кестеге кіргізіп үлгермеген адырна, кіреуіш, ауыз сырнай, хонбеаспаптарын қосуымызға болады. Барлығы 33 музыкалық аспап.
2. Қазақстан бейнелеу өнері. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды. 1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды. 1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ә.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды. Әбубәкір Исмаилов қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы өкілдерінің бірі. 1927 жылы ол Бейсембай Сәрсенбаев екеуі Омбыдағы Врубель атындағы көркем өнер училищесінің жанынан қазақ жастары үшін ашылған біржылдық студияға түседі. Келесі жылы ол Мәскеуге оқуға жіберіледі. XX ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. Ол алғашқы кәсіптік дағдыларын Н.Г.Хлудовтан оқып-үйрену арқылы алған. Бейнелеу өнері саласында маман кадрлар даярлау ісімен Алматыдағы театр-көркемөнер училищесі айналысты.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар

  1. Б.Сарыбаев қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеу бойынша қандай топтарға бөліп, жіктеді.

  2. Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілері, олардың шығармалары.

  3. Суретшілер Одағының құрылуы.

2

№ 12
дәріс



Сәулет өнері мен қала құрылысының негізгі бағыттары.
Дәріс жоспары:
1. Ұлттық сәулет өнері мектебінің қалыптасуы­ кезеңдері мен ерекшеліктері.
2. Қала құрылысының негізгі бағыттары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.1927 – 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш.-тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қаласында жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды.
XX ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің маңызды ерекшелігі кәсіптік өнердің әр алуан түрлерінде ұлттық мектептің қалыптасу үрдісімен байланысты болды. Бүкіл кеңес құрылысының контекстінде айтулы деңгейге қол жеткізіп, көш басындағы орындардың бірін иеленген сәулет өнері солардың ішіндегі басым жағдайды ұзақ уақыт бойы сақтап қалды. Бұрын соңды еш нәрсесімен қызықтырмаған Қазақстан сәулет өнері, 1960 жылдардың басынан бастап ұлттық сәулеттік тәжірибе саласына байланысты шығармашылық белсенділікті айқындап, мамандардың ерекше зерттеу нысанына айналды. Отырықшылықтан көшпенді мәдениеттің басымдығын, яғни, дәстүрлі қазақ құрылыстарының түрлері мен ерекшеліктерін тарихи үрдістің сипаты түсіндіреді. Көшпенділікпен тығыз өзара әрекеттестікте дамыған қаланың құрылыс мәдениеті гүлдену дәуірін (XII ғ.) және одан кейінгі құлдырауды басынан өткізіп, XVIII ғасырда әлде қайда кіші көлемде қайта жанданды. Қазіргі мәдени­ тарихи негізде, өте қысқа мерзімнің ішінде (жиырма жыл шамасында), кең ауқымда ұлтқа арналған жаңа ғимараттар түрінің, жаңа құрылыс техникасы мен материалдарының ұсынылуымен кәсіби жетілген бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуын өзіндік әлеуметтік ­мәдени және архитектуралық тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Қазақстан сәулет өнерінің тарихтағы алаңдығы өзгешелік мәселелеріне ерекше өзектілік берді. Оны, нақты сәулеттік болашақ үлгісіне бағытталуы емес (бұл мұра тек 1970-­1980 жж. археологиялық ашылудың арқасында ғана кең танымал болды), бүкіл дәстүрлі мәдени кешеніне әсері анықталды. Аталмыш Қазақстандық кәсіптік мектептің айрықша ерекшелігі оны бұрынғы пішіннің үстемдігінен сақтай отырып, қалыптасу үрдісінің қиындығы мен өзіндік ерекшелігін жасады. Жас ұлттық мектептердің қалыптасуында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған сәулеттік дәстүр, көбінде тарихи пішіндерді көшірмелеу тығырығына әкеліп тіреген кәсіби сәулетшілерді ұсынады. Бүгінгі күні кәсіптік өнерде халықтық көркем дәстүрдің динамикасын талдау қазіргі мәдениет жүйесінде оның рухани­ эстетикалық қырын күшейтуге байланысты ерекше маңыздылыққа ие. Этникалық және ұлттық мәдениеттің жетістіктері әлемдік көркемөнер контекстіне қосылып, ұлттық өнерге жаңа көріністер әкеледі.
2. 1930 жылдың ортасына дейін жергілікті және сырттан келген жобалаушылар бүкіл Орталық Азияға арнап жұмыс жасады. Мысалы, Алматылық А.Зенковтың жобасы бойынша кеңестік Бішкектің орталығы салынды. Ұзақ уақыт бойы республикаларға бөлінбей, осы кең аумақ бұрынғы атауы ­Түркістанды сақтап келді. Көптеген жобаларды Петербург, әсіресе А.Н.Гоген, Ф.И.Лидваль, А.А.Обер, А.И.Резанов сынды олардың жоғары кәсіптік деңгейін көрсететін көркемсурет Академиясының сәулетшілері мен мүсіншілері бақылап отырды. Қазақстан құрылысында М.А.Антонов, А.Л.Бенуа, К.А.Борисоглебский, Н.Н.Ботвинкин, И.И.Козелл­Поклевский, Н.П.Наранович, Г.М.Сваричевский, С.К.Топаревский, С.К.Янчевский сынды жобалаушылар маңызды роль ойнады. Олар Шымкентте, Қызылордада, Түркістанда, Таразда, Меркіде және т.б. типологиясы бойынша әртүрлі көптеген нысандарды (қоғамдық, тұрғын үй, әкімшілік, мәдени­ ағартушылық, суландырушылық, аурухана) орындады. Жобалаушылар 1920 жылдары жұмыс істеуді жалғастыра отырып, өздерінің шығармашылығын революцияға дейінгі тенденциялармен ­стильдік, типологиялық, конструктивтік (антисейсмологиялық есептемелер, темірлі­ бетондық құрылыстар тәжірибесі )­байланыстыруға тырысты.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар
1.ХХғ.Қазақстанда қалалардың көркейіп дамуының бастауы.
2. Бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуына ескі архитектуралардың әсері.
3. Жобалаушылар Алматыдан басқа қандай қалаларда көптеген нысандарды орындады.

1

№ 13
дәріс

Бейнелеу өнерінің жолдары: кескіндеме, графика, сурет, қол өнері.
Дәріс жоспары:
1.Кескіндеме.
2.Графика.
3.Қазақ қолөнері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет