Дәріс тезистеріне қосымша материалдар


Ежелгі Қазақстанның аңыздық діни негіздерінің қалыптасуы



бет2/12
Дата28.03.2023
өлшемі68,79 Kb.
#76685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
АртББ.Қосымша материалдар.Дәріс тезистеріне.2022.

Ежелгі Қазақстанның аңыздық діни негіздерінің қалыптасуы. Түркілер аспанды құдіретті күш ретінде қадірлеп, оған қызыға қарап, сүйіп қана қоймай, одан қауіптенген, сақтана да білген. Мұның себебі, Күннің жарық пен жылу беріп, сол арқылы жер бетіне өмір нұрын шашқандығында ғана емес, оның күн сайын көк-аспанның жүзімен жылжып, өзінің көші-қон үлгісі болғандығында еді. Түркілер табиғатта күннен қуатты ештеңе де жоқ екенін білді. Уақыт та Күн қозғалысымен өлшенеді. Ал аспанда жүздеген ай жылдық күнтүзбелік негіз болды. Табиғатта болып жатқан өзгерістер аспан шырақтарының қозғалысымен анықталып, шаруашылық жұмыстары соларға қарап атқарылды. Түркі халықтарында Көк-Аспан сөзімен Тәңірі-Құдай қашан да қатар қойылған. Бәрі де өз ретімен жасалды, қоғам мен табиғат, жақсы мен жаман, қажетті мен қажетсіз тек Тәңірі- Құдай арқылы ғана қарастырылады. Адамның өмірге келуі, оның парызы мен қасиеттілік Аспанның, Аспан Құдайы- Тәңірінің ісі деп түсіндірілді. Әр заттың өз мәні, құпия жұмбағы, өлшем көлемі болды. Бұл жағынан Тәңірлік пен Ислам арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастықтар көп.
2. ҮІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасырдың басында Сырдария мен Жетісу жерлерінде ислам келгенде түркештер мен қарахан әулетінен шыққандар жаңа дінді жатсынған жоқ. Ал Қарахан әулетінің бірлестіктері исламды мемлекеттік дін ретінде пайдалана бастады. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
3.Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген фактлерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тыйым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет