Дәріс тұЛҒаның мотивациялық сферасы


Ф. Герцбергтің қос факторлы теориясы



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата12.10.2024
өлшемі386,61 Kb.
#147870
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция -2

Ф. Герцбергтің қос факторлы теориясы. 
50-жылдардың 
екінші жартысында 
ФредрихГерцберг өзінің әріптестерімен бірге қажеттілікке негізделген тағы бір мотивация моделін 
жасапшығарды. 
Ол 
өзінің 
зерттеу 
тобымен 
бірге 
ірі 
бір 
фирманың 
200 
инженеріменқызметкерлерінен келесідей сұрақтарға жауап алды: «Сіз жұмысыңызды бітіргенннен 
кейін қай уақытта өзіңізді жақсы сезіндіңіз?» және «Сіз жұмысыңызды бітіргеннен кейін қай 
уақытта өзіңізді нашар сезіндіңіз?».
Герцбергтің қорытындысына сәйкес алынған жауаптарды 2 үлкен категорияғабөлді: 
гигиеналық фактор және мотивация. 
1- Ф.Герцберг теориясы бойынша
Гигиеналық фактор 
Мотивация 
Фирма және әкімшілік саясаты
Жұмыс жағдайы
Жалақы
Басшылармен, әріптестермен және
Бағыныштылармен тұлғааралық қатынас
Жасалынған жұмысқа бақылау дәрежесі
Табысқажету
Қызмет бабы бойынша көтерілу
Жұмыс 
нәтижесін 
мойындау 
және 
қабылдау
Жоғары деңгейдегі жауапкершілік
Шығармашылық және іскерлік өсуге 
мүмкіндік
Гигиеналық фактор жұмыс жасалынып жатқан ортаға байланысты, ал мотивация – жұмыстың 
өзінің сипаты мен мәніне байланысты. Герцбергтің теориясы бойынша, гигиеналық фактор мүлдем 
болмаса немесе ол жеткіліксізболса, адамдарда өз жұмысына деген қанағаттанбаушылық пайда 
болады. Бірақ,егер олар жеткілікті болса, онда олар өздігінен жұмыспен қанағаттандырылмайды 
және адамды бір нәрсеге ынталандырмайды. Мотивацияның гигиеналық фактордан 
айырмашылығы, оның жоқ болуы адамдардың өз жұмысына қанағаттанбаушылығын тудырмайды. 
Бірақ егер ол жеткілікті болса жұмысшылар өз жұмыстарына қанағаттанады және іс - әрекет 
тиімділігін жоғарлатуға ынталанады.
Герцбергтің мотивация теориясы Маслоудың теориясына өте жақын. Герцбергтің гигиеналық 
факторы Маслоудың физиологиялық, қауіпсіздікке және болашақтағы икемділікке деген 
қажеттіліктеріне сай келеді. Бірақ бұл жерде олардың айырмашылығы айқын. Маслоу гигиеналалық 
факторда белгілі бір іс-әрекетті, тәртіпті тудырушы ретінде қарастырады. Егер менеджер 
жұмысшыға өзінің бір қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік берсе, онда жұмысшы бұған жауап 
ретінде жұмысты жақсы істейді. Герцберг оны керісінше қарастырады. Жұмысшы гигиеналық 
факторға қажеттілігі қанағаттандырылмай жатқанда назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет