Дәріс тұЛҒаның мотивациялық сферасы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата12.10.2024
өлшемі386,61 Kb.
#147870
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция -2

өлшемдермен 
бағалауға болады. 

Жеке адам мотивациялық сферасының 
кеңдiгi.
Бұл мотивациялық факторлардың 
(қажеттiлiк, мақсат, мотив) әр түрлi сапалылығы, яғни адам да әр түрлi қажеттiлiк, мақсат, мотивтер 
неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады. 

Жеке адам мотивациялық сферасының 
икемдiлiгi.
Бұл қандай да бiр қажеттiлiктi 
қанағаттандыру барысында түрлi мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.



Жеке адам мотивациялық сферасының 
иерархиялылығы
. Бұл жеке адам бойында болатын 
қажеттiлiк, мақсат, мотивтердiң әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретiнде өмiр 
сүрмейтiнiн, керiсiнше олардың бiр-бiрiне бағыныштылығы немесе басымдылық белсендiлiгiмен 
сипатталынады. 
Мотивация
- бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз 
қажеттіліктерін қанағаттандыру жәнеұйымның мақсатына жету процесі. Бұл міндеттерді шешу 
үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл 
жазалау 
және кешіру 
әдісі. Бұл әдіс көбінесе өзқажеттіліктерін қанағаттаныру үшін қолданылады. Мысалы, 
жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса, онда бұл сізге стимул береді немесе сіз бәрібір кешке 
қарай кетіп қаламын, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеңіз, стимул одан да күштірек болады.
Мотивациялық процесс. 
Егер мотивацияны процесс ретінде қарастырсақ, оны бірінен соң бірі 
жүріп отыратын 6 кезең арқылы көрсетуге болады. Бұл қарастыру шартты сипатта болғанымен, 
мотивация процесі қалай жүретіні, оның логикасы жәнеқұрама бөлшектері қалай жүретіндігі туралы 
түсінуге көмектеседі.
Алғашқы кезең 
– 
қажеттіліктердің пайда болуы
. Қажеттілік адамға бір нәрсежетіспеушілігін 
сезуі барысында пайда болады. Ол белгілі бір нақты уақыттапайда болып, адамнан оны жоюға 
белгілі бір қадамдар жасауын талап етебастайды.
Екінші кезең – қажеттіліктерді жоюды іздестіру жолдары
. Адамда белгілі бірқажеттіліктер 
пайда болып, олар адамға мәселелер туғызған жағдайда онықанағаттандыру, басу, байқамау сияқты 
жою жолдарын іздестіреді. Бірнәрсеістеу, бір шара қолдану қажеттігі пайда болады. Қажеттілік 
әрекетке мотивтуғызады.
Үшінші кезең – қызметтің мақсатын (бағытын) анықтау
. Мотивтердің бағытталуыжәне 
пайда болу күшіне сәйкес қажеттіліктерді жою үшін адам қандайқұралдарды қолдана отырып, 
қандай мақсатқа қол жеткізуі керек, не алукеректігін шешеді. Осы кезеңде адам өзі үшін 4 сұрақты 
шешеді:
- қажеттілікті жою үшін не істеу керекпін?
- қалаған нәрсеме қол жеткізу үшін не істеуім керек?
- қалаған нәрсеме қаншалықты дәрежеде қол жеткізуім мүмкін?
- менің алатыным қаншалықты қажеттілікті жоюы мүмкін?
Төртінші кезең – әрекетті іске асыру. 
Бұл кезеңде адам өзінің қажеттілігінқанағаттандыруына 
мүмкіндік беретін әрекеттерді жасауға бар күшін салады.Қызметті іске асыру процесінде мақсаттар 
мен қажеттіліктер өзгерістергеұшырауы мүмкін.
Бесінші кезең – әрекетті іске асырғаны үшін сыйлық алу. 
Белгілі бір істіатқарған соң, адам не 
қажеттілігін жоя алады, не қалайтын объектісінеайырбастай алатын затты алады. Бұл кезеңде 
қалаған көрсеткішпенсалыстырғанда, жасалған әрекет қаншалықты нәтиже бергендігін 
анықтауғаболады. Осының нәтижесінде қызметке бағытталғанмотивацияның не күшеюі, 
неәлсіреуі, не сақталуы жүзеге асырылады.
Алтыншы кезең – қажеттіліктерді жою
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет