Дәріс Зерттеу әдістері



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі29,44 Kb.
#118543
1   2   3
Эксперименттік бағдарлама құрылымы:
- эксперименттік жұмыстың тақырыбы
- эксперименттік жұмыстың мақсаты
- негізгі идеялары
- гипотезасы
- экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық – ұйымдастырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері
- эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу-әдістемелік жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі
- алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/
- эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі
- эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері
- қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп
Проблеманың қойылымы:
Сұраныстың кіріспе бөлімінде «Ұсыныстың қай негізге сүйенетіндігі», «Негізгі идеялары», «Эксперименттің концепциялық негізі» т.б, эксперименттің көкейкестілігі берілуі керек. Сіз осы жобаның көмегімен қандай нақты проблемены шешетініңізді ұсынасыз.
Эксперименттік бағдарламаны іске асыру үшін проблеманы білу маңызды. Проблема сұраныс берушілердің (білім алушылар) қажеттілігін шешу керек. Бірақ, егер сіздің кадрларыңыздың потенциалы, мектебіңіздің материалды – техникалық базасы жоқ болса, ол проблемаға жатпайды. Бұл эксперимент қандай жалпы педагогикалық проблеманы шешетінін нақтылау керек. Ол үшін статистикалық дәлелдер, үкімет органдарының өкілдерінің құжаттары (әсіресе локальды ), нақты қандай міндеттерді шешетіндігіңізді анықтаңыз.
Проблеманы суреттеу барысында:
- шешкелі отырған проблеманы сол оқу орнының міндеттерімен логикалық байланыстыру
- қолда бар ресурстармен нақтыланған мерзімде, барлық проблемаларды шешу мүмкіндігінің болуына сенімді болу
- қосымша материалдардың көмегімен проблемалардың санын нақтылау: статистикалық мәліметтер, мониторингтер, мамандарды зерттеу т.б.
- проблемаға реалистік көзқараспен қарау: барлық проблеманы бірден 2-3 жылда шешіледі деп ойламау.
Алдын – ала баға беру немесе сұранысқа экспертиза жасау
Бұл процесс барысында, ұсынылған проблеманың барысын болжау және анықтау жүргізіледі. Эксперименттік жұмысты ұйымдастыруды жоспарлай отырып, белгілі бір өнім /продукт/ құрудың нәтижесі қарастырылады.
Құжаттарды толтыру барысында мынадай ұсыныстар беріледі:
- Сөйлемдері қысқа, және сол саладағы маман емес адамдарға түсінікті болу керек, ғылыми терминдерді пайдаланбау керек.
Эксперимент тақырыбын қалай таңдау керек немесе көкейкестілігі
Экспериментті бастау үшін негіз болған проблемалар ортасы анықталады (мысалы):
- ұсынылған эксперименттік тәжірибелік жұмыстың қажеттілігі қандай сұраныстан туындайды
- дәстүрлі жолдан шығып жаңаша ізденуге мәжбүрлейтін қарама – қайшылықтар
Келесі кезекте эксперимент тақырыбы құрастырылады. Тақырып – эксперименттік зерттеудің бейнесі. Бір проблеманы эксперименттік жұмыста бірнеше тақырыппен көрсетуге болады. Сондықтан тақырыпты нақтылап маңызды.
Эксперименттің негізгі сатылары мен жобалау бағдарламасы (сатылы бағдарлама, мониторинг):
1. Диагностикалық – экспериментті өткізу барысында проблеманы анықтау және сараптау;
2. Болжау – экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерийлерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;
3.Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру, кадрларды дайындау, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;
4. Практикалық - өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)
5. Жалпылау - алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;
6. Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу, құрылған технологияларды тарату.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет