Дәріс Зерттеу әдістері


Педагогикалық консилиум әдісі о



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі29,44 Kb.
#118543
1   2   3
Педагогикалық консилиум әдісі оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды.
Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.


Тестілеу зерттеу әдісінің бірі болып табылады. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу –зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат – қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу – тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объективті жағдайлар ақпараттармен қаруланады.
3. Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы. Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік - «іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б. Педагогикада эксперимент деп нені атайды?
Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.
Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.
Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.
Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.
Эксперименттеу, демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.
Эксперименттік алаң - бұл болашақта мектептің дамуына жол сілтейтін , бірақ қазіргі уақыттағы қажеттілігі байқалмайтын процесс.
Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:
Модификациялық- белгілі әдіс–тәсілдерді өзгеріске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.
Комбинаторлық- жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды).
Радикалдық - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау,бұрын –соңды қайталанбаған жоба.

Эксперимент деңгейі


Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.
Республикалық, облыстық – Қазақстан субъектілік деңгейінде бейіндік оқытуды енгізуді басқару.
Облыстық, қалалық – оқушылардың бейін алды дайындығын ұйымдастырушы білім ордаларының тығыз байланыс моделдерін құру және апробациялау.
Қалалық, аудандық – бейіндік, бейін алды дайындау бойынша оқушылардың оқудағы нәтижелерін бағалау жүйесін құру.
Мектепішілік – білім ордасында бейін алды дайындықты оқушы іске асыруына арналған жеке оқу жоспарын құру және апробациялау.оқушылардың бейін алды дайындығы үшін таңдалынған курс бағдарламалары, оқыту әдістемелері, формалары мен мазмұны, моделдері жасалуы керек.
Егер өлкелік – эксперименттік аймақ мәртебесі таңдалса, онда эксперименттің проблемалық шешімдері өлкетану бағдарламасын дамытудағы білімге арналуға міндетті. Ал егер басқасын таңдалса, қалалық – аудандық деңгейге сай бағдарлама құрылады.
Белгілі бір білім ордасында эксперименттік аймақ ашу үшін, басқару ұйымдары міндетті түрде ұсыныс жасаған авторлардың эксперименттік құжаттарына экспертиза жүргізу керек. Эксперименттік аймақ ашу үшін сұраныс жасалынып, таңдалынған эксперименттік жұмыс бойынша бағдарлама құрылуы керек. Бұл екі құжатта эксперименттің толық мазмұны ашылып, негізгі сұрақтары алдын – ала өтетін экспертизаға ұсынылады. Егер бұл құжаттардың біреуі жоқ болса немесе эксперименттік жұмыстың нәтижесімен болмысын толық деңгейде көрсете алмаса, онда эксперт материалдарды толықтыру үшін қайтаруы мүмкін.
Автор эксперттік топтың құрамына ене алмайды. Сұраныстың және бағдарламаның алдын – ала экспертизасы – эксперименттік істің құндылығын болжайтын процесс. Сұраныс - бұл ұсынылып отырған эксперименттік жұмыстың жарнамасы, сондықтан ол сұраныс берушілердің ойынан шығуы тиіс. Ұсыныс жасаушы автордың жобасын іске асыру үшін, нақты уақыт берілуі керек және материалдық - техникалық қамсыздандыру керек, экспериментке дейінгі жағдайымен салыстырылып отыруы керек.

Экспертиза жүргізуші маманның міндеті:


- жобаның ерекшілігі
- белгілі технологиялардың ұсынылуы
- жобаның жаңалығы
- ұсынылатын мониторингі
- бағалау механизмі
- жобаның болжамы
- жобаның нәтижесі
Эксперттерге нақты сараптама жасау үшін төмендегі сұраныс және бағдарлама мәтінін төмендегі ұсыныстарға бағыттай отырып жасауға болады: Сұраныс ережесінің мазмұны
·білім жүйесін дамыту үшін эксперименттің маңыздылығы
·экспериментке келісім берген нақты білім ордасы туралы мәлімет / заңды және факты бойынша мекен – жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы/
·автор туралы мәлімет / аты-жөні, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны, басқа да байланыстары/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет