13-бап. Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталған өнімнің сапасын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау. 1. Сертификаттау ережелерін сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар /шетелдік ұйымдарды қоса алғанда/ мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста /пайдалануға/ болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады.
14-бап. Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ, зертхана /орталығының/ қызметін мемлекеттік тұрғыда бақылау 1.Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана /орталықтарының/ кызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады
2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының /орталығының/ қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептертерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.
Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.
15-бап. Сертификаттау саласында мемлекеттік кадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің саласына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің жұмыстардың қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалғауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана /орталықтарының/ қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;
жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың /орталыктарының/ қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар /талдаулар, өлшеулер/ жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;
стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.