Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Стандарттау негіздері.Стандарттау туралы жалпы түсінік.Стандарттаудың қысқаша тарихы



бет2/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Стандарттау негіздері.Стандарттау туралы жалпы түсінік.Стандарттаудың қысқаша тарихы.
"Стандарттау" сөзі латынша "Standard"- эталон яғни үлгі деген мағына береді. Бұл түсінік экномикалық дамудың ажырамас бөлігі ретінде адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінен бастап қоғам өмірінде қалыптаса бастаған.
Қоғамның экномикалық дамуын бірнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады. Қазіргі тұжырым бойынша экономикалық тарихи құрылымы өнеркәсіптену дәуіріне дейінгі және өнеркісіптену дәуірінен кейінгі кезең деп бөлінеді. Стандарттық үлгі, өлшемдердің адамзат өмірінде қолданылуы тым ерте заманнан басталғанымен /мысалы Инд алқабының тұрғындары осыдан 4700 жыл бұрын ондық жүйелі ұзындық өлшемін және өзара байланысты таразы бірліктерін пайдаланған/. Стандарттау жүйесі соңғы кезде екі кезеңге байланысты дамып келеді. Әсіресе өнеркәсіптену дәуірі кезінде /1860-1895ж.ж./ техникалық стандарттау кеңінен өріс алады. Өнеркәсіптену дәуірінен кейін экологиялық стандарттар және адамның қажетттілігін қанағаттандыруға бағытталған стандарт қолданыла бастады.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Халық комииссарлар Кеңесі Халақаралық өлшем және таразылар жүйесін енгізу туралы 1918 жылғы қыркүйектің 14-де шығарылған шешімінен /заңынан/ бастау алған стандарттау жұмысы кеңес үкіметі жылдарында жоғары деңгейге көтеріледі.
Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды/ 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатысы болып өзгертіледі. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді/. 1935 жылы Ішкі істер халық комиссарлар кеңесі жанындағы өлшем және өлшеу құралдар істері жөніндегі Басқарма болып өзгеріледі. 1946 ж ҚКСР Министрлер кеңесі жанындағы Өлшем және өлшеу құралдары істері жөніндегі Өкілетті комитет боп аталады. 1966 жылы Алматы мемлекеттік бақылау лабораториясы базасы негізінде Қазақ Республикалық стандарт және өлшеу техникаларын мемлекеттік қадағалау лабораториясы құрылды. Ал 15 облыстық лабораториялар мемлекеттік қадағалау лабораториялары болып өзгертілді. 1971 ж ҚСРО Мемстандартының Қазақ Республикалық басқармасы құрылды.
Қазіргі кезде Қазақстан көлемңінде стандарттау жөніндегі саясатты жүргізу өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитеттің басшылығымен жүзеге асырылуда. Қазір бұл Комитеттің құрамында 19 бөлімше /облыстық стандарттау; метрологиялық және сертификаттау орталықтары/ және 300-ге жуық әртүрлі мекеме, кәсіпорын қызмет ұйымдары жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет