Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет12/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
лекция

Кәсіпорын стандарттарын /КСТ/ кәсіпорын және бірлестіктер /одақтар, қауымдастықтар, концерндер, акционелік қоғамдар/ салааралық аймақтық т.с.с мекемелер өздері ғана өндіретін немесе қолданатын өнім процесс, қызмет түрлеріне арнап әзірлеп, шығарады.
Бұл стандарттар кәсіпорында қолданылатын бұймдардың құрамдас бөліктері мен басқа да қажетті объектілерге арналады. Сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы нормалар, технологиялық нормалар мен талаптар, үлгілік технологиялық процесстер, кәсіпорын ішінде көрсетілетін қызмет, жабдықтау жұмыстары мен құрал саймандары тағы басқаларға арналып шығарылады. Кәсіпорын стандарттарын әзірлеу сондай-ақ сол кәсіпорынның кейбір ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік және салалық стандарттарды шектеу қажеттілігінен туындауы да мүмкін. Бірақ бұл жағдай мемлекеттік және салалық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері мен талаптарды бұзып, төмендетпеу тиіс. Егер халықаралық, аймақтық, басқа елдердің ұлттық стандарттарының талаптары халық шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ететін болса немесе олардың негізінде жасалынған мемелекттік және салалық стандарттар жоқ болса онда оларды халықаралық келісім, немесе тиісті аймақтық ұлттық ұйымдардың рұқсаты бойынша кәсіпорын стандарттары ретінде қолдануға болады. Кәсіпорын стандартын әзірлеу, бекіту жұмыстары ҚРСТ 14-93 бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын стандартын кәсіпорын жетекшісі бекітеді /мысалы: кәсіпорын, бірлестіктің бас инженері/. Бекіткеннен кейін стандартқа мына белгілер қойылады.
КСТ-ның индексі, кәсіпорын, цех, бөлімше және стандарттау объектісінің коды және бекіткен немесе қайта қараған жылдың соңғы екі цифрі /мысалы: КСТ-0003-17-425-32-98/ КСТ-н бекіткенде күшінде болу мерзімі көрсетілмейді, мемлекеттік тіркеуге алынбайды.
Қоғамдық ұйымдардың, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар мен басқа бірлестіктердің стандарттары /ҚҰСТ/ өнім, қызмет, процесстердің жаңа түрлеріне бақылау, өлшеу, сынау, талдаудың озық әдістері, сондай-ақ өндірісті бақылаудың соңы технология, прициптеріне жасалады. Осы мәселемен айналысатын қоғамдық ұйым, бірлестіктердің мақсаты-өз стандарттары арқылы әлемдік ғылыми-техникалық іргелі және қолданбалы зерттеудің озық нәтижелерін тарату болып табылады. Бұл санаттың стандарттары шаруашылық субъектілеріне ғылым, білімнің әрқилы саласындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қарқынды қолдану мүмкіндігін береді, жәнеде алдыңғы қатарлы жетістіктер туралы ақпарттың маңызды басталуы /қайнар көзі/ болып табылады. Салалық және кәсіпорын стандартын әзірлеуде бұл стандарттар кәсіпорын, мекеменің өз шешімі бойынша ерікті түрде қолданылады.
Салалық және кәсіпорын стандарттары сияқты ҚҰСТ Қ.Р. заңдарына қайшы келмеуі тиіс. Егер олардың мазмұны қауіпсіздікке баланысты болса онда бұл стандарттардың жобасын мемлекеттік ұйымдармен келісуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет