Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау



бет20/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын /сақталуын/ тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасымдылық, бақылау әдісінің бірдейлігі, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау мен қадағалау, түсінігі ұқсас. Айырмашылығы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізіледі. Қадағалау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бірден бір түрі болып табылады. Сондықтан қадағалау қызметінің саласы әкімшілік қадағалау деп те аталады.
Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.
ҚР-ның "Стандарттау туралы" заңы бойынша мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мем. стандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем басқару орындары мем қадағлау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:

  • санитарлық эпидемиялық қызмет;

  • мал дәрігерлік бақылау;

  • фитобақылау;

  • экологиялық қызмет;

  • атом өндірісін қадағалау;

  • көлікті бақылау;

  • дәрі-дәрмекті бақылау;

  • кедендік бақылау т.б.

Мем стандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздерінің аумақтық орындарын /бөлімшелерін/ құрады.
Мем. бақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылауды мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.
Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже, нормалар негізінде реттеліп, жүргізіледі.
Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік /заң бұзушылық/ орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.
Мем. қадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:

  • өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекет мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;

  • өнім сапасын талдау және мемлекеттік қадағалау нәтижелерін кері ақпарат көздері ретінде пайдалану және тиісті ьасқармалық шешім қабылдау жөніндегі пікір дайындауға негіз болдыру;

  • өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;

  • сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;

  • сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, брактің пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қоладану;

  • аккредиттелген сынақ лабораториялары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу.

Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және оның аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының құрылымы меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорын өнімдерінің сапасын бағалау жұмыстарын ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ету тиіс. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды.
Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:

  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;

  • өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар.

Стандарт талаптарының орындалу барысы мен өнім сапасына жасалатын мемлекеттік қадағалау меншіктің кез-келген түріндегі кәсіпорын, мекемелерде өнімнің барлық тіршілік кезеңдерінде іріктеп тексеру тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Метрологиялық ережелердің сақталуы, мекемелердің метрологиялық іс қызметі, өлшем құралдарының жай-күйі мен қолдану жағдайын мемлекеттік қадағалау жұмысы өнімді қабылдау және сапасын бақылау, сондай-ақ кәсіпорын, мекемелерде мақсаты тексерулер жүргізу кезінде атқарылады.
Аккредиттелген зертханалар мен сертификаттау орталықтарының іс қызметін, сондай-ақ сертификатталған өнім және өндірісті мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарының тапсырысымен мемлекеттік қадағалау ұйымдары белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайдалану арқылы жүргізіледі:

  • кезеңді;

  • қарқынды;

  • бақылаудың ерекше тәртібі;

  • жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік;

  • сертификатталған өнім шығаратын кәсіпорындардағы мемлекеттік инспекциялық қадағалау.

Қадағалауды ұымдастыру формаларын кәсіпорындағы өндіріс жағдайы мен өнім сапасының нақты болмысы туралы мәліметтер негізінде аумақтық ұйымдар белгілейді.
Мемлекеттік қадағалау ұйымдары:
- Республика үкіметі мен жергілікті атқарушы билік органдары, тиісті министрліктер мен мекемелерге стандарт, өлшеу құралдары және өнімді сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалау нәтижесі туралы ақпарат жүйелі түрде беріп отырады;
Мемлекеттік қадағалау жұмыстарының нәтижесін тұтынушы қауымға жеткізу жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс істейді;
Стандарт талаптарын бұзу, сапасыз өнім шығару, метрологиялық ережелерді сақтамау сияқты келеңсіздіктерді болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жұмыс істейді;
Мемлекеттік қадағалау мәселелері бойынша басқа да бақылау мекемелерімен бірлесіп жұмыс істейді.
Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

  1. Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспектор-стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарының басшысы;

  2. Мемлекеттік бас инспектордың орынбасары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган басшысының орынбасары;

  3. Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық және қалалық мемлекеттік бас инспекторлері – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға бағынышты аумақты бөлімшелердің басшылары;

  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының аумақтық органдарының лауазымды адамдары заңды тұлғаларға мемлекетік қадағалау нәтижесінде анықталған стандарттау, сертификаттау өлшем бірлігі бойынша заң бұзушылардың жолын кесуге бағытталған жарлықтар береді:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас инспекторы /немесе оның орынбасары/ сапасыз өнімді өндіру тоқтату туралы жарлық береді;
- облыстық мемлекеттік бас инспекторы /немесе оның орынбасары/ төмендегі жарлық түрлерін береді.
Мынадай жағдайларда өнім өткізу, қызмет көрсетуге тыйым салады;
-стандарт талаптарын сай келмейтін өнім өндіру, қызмет көрсету жағдайларында және өнім мен қызмет сапасын тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса;

  • белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжатсыз өнім өндіріліп, қызмет көрсетілетін болса;

  • өнімді тасымалдау, сақтау кезінде стандарт талаптарының бұзылу өнім сапасын нашарлатып, нормадан тыс шығындалуға әкеп соқса;

  • өнімді оның мақсаттық, сыйысымдылық, өзара алмасу, сенімділік, қауіпсіздік, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін бұзу арқылы пайдалану кезінде;

б/ стандарттық емес өнім дайындап, өткізгені ұшін белгілі мөлшеріндегі айыппұл салынып бюждетке төленеді. Айыппұл мөлшері тиісті нормативтік заң актілерінде көрсетіледі.
в/ төменгі жағдайда сәйкестік сертифиткатының немесе сәйкестік белгісінің қолдану құқығын тоқтатып, олардың күшін жояды:

  • сертификатқа сәйкес емес өнім өткізсе;

  • жасанды немесе мерзімі біткен сертификат қолданса;

  • сертификаттаудан өтпеген өнімге сәйкестік белгісі қойылған болса;

  • мемлекеттік инспекторға сертификатталған өнім туралы алдын-ала қажетті ақпарат беруге тартынса;

Стандарт талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар мына жарлықтарды бере алады:
а/ стандарт талаптары мен метрологиялық ережелердің бұзылу себептерін жою туралы;
б/ стандарттық емес өнімнің тексерілген партияларын өткізуге тыйым салу туралы;
в/ міндетті сертификаттауға жататын, бірақ сәйкестік сертификаты жоқ өнім өткізуге тыйым салу туралы.
Метрологиялық қадағалау жүргізетін мемлекеттік инспектор мемлекеттік сынау мен метрологиялық аттестациядан өтпеген, тексерілмеген немесе бұзылған /дұрыс жұмыс істемейтін/ өлшеу құралдарын айналымнан шығару туралы жарлық береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарының аумақтық органдары мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша стандарттық емес өнім өткізіп мемлекетке зиян келтірген кәсіпорындарға мүліктік жауапкершілік қолдану мәселесін шешу үшін стандарт талаптарын бұзған кәсіпорын туралы ақпаратты арбитраждық сотқа береді. Сондай-ақ лауазымды адамдардың қызмет бабын асыра пайдалану немесе немқұрайдылығы салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян келтірген болса, яғни ірі көлемде, бірнеше қайта сапасыз өнім өткізгені, стандарттық емес өнім өндірілгені туралы мәліметті прокуратура органына береді. Стандарт талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау басқа мемлекеттік ұйымдармен, стандарттау және сапа жөніндегі қызметтік мекемелермен, техникалық комитеттермен, сондай-ақ тұтынушылар қоғамымен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет