Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет11/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
лекция

Стандарттың түрлері


Мемлекеттік стандарттар төменгі құрылымдық элементтерден тұрады: титулдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе стандарттың атауы, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, биолографиялық мәліметтер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйымы- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, номері және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.
Салалық стандарттар мемлекеттік стандарты жоқ объектілерге әзірленеді немесе мемлекеттік стандартта көрсетілген-талаптарды енгізу қажет болған жағдайда әзірленеді. Салалық стандарттың талаптары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарына қарай келеді. Салалық стандартты сол салалық барлық мекеме, кәсіпорындары пайдаланады. Сондай-ақ сол министрлікке қарасты өніс бұймдарды өндіретін, пайдаланатын мекеме, кәсіпорындар /бағыныштылығы мен меншік түріне қарай/ қолданылады. Салалық стандарттар мемлекеттік стандарттауға жатпайтын арнайы салалық өнім, технологиялық жабдық құрал-саймандарға бекіттіледі. Сондай-ақ салалық кәсіпорын, ұйымдардың өндірістік техникасының іс қызметінің өзара байланысын қамтамасыз ету, өнім сапасының тиімді деңгейіне жету үшін қажетті норма, ережелер мен терминдерді белгілеу үшін жасалады. Салалық стандарттар сол саланың кәсіпорын, мекемелерімен қатар сол өнімді /тұтынатын/ басқа да салалар /тапсырыс берушілер/ үшін міндетті болып табылады, салалық стандарттарды сол өнімді өндіруде жетекшілік міндет атқаратын министрлік /мекеме/ бекітеді. Бекітілген соң стандартқа салалық стандарттың индексі, саланың цифрлік коды, стандарттың номері және бекітілген /қайта қаралған/ жылының соңғы екі цифрі жазылады.
Техникалық шарттар. Нақты өнім, қызметтерге мемлекеттік және салалық стандартт жасау қолайсыз немесе сол стандарттарда көрсетілген талаптарды толықтыру, қатаң орындау қажеттілігі туындаған жағдайда кәсіпорын, мекеме және басқа шаруашылық субъектілері әзірлейді. Талаптары стандарт талаптарынан босаң немесе оған қайшы келетін техникалық шарттарды әзірлеуге болмайды.
Техникалық шарттарды меншік түріне және бағыныштылығына қарамай барлық мекеме кәсіпорын өнім өндіретін, өткізетін, қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар пайдаланады.
Техникалық шарттаур кіріспе бөлім және төменгі тараулардын тұрады:

  • негізгі параметрлер және мөлшерлер;

  • техникалық талаптар;

  • қауіпсіздік талаптары;

  • кешенділік;

  • қабылдау ережесі;

  • бақылау /сынау, талдау, өлшеу/ әдісі;

  • таңбалу, тасымалдау және сақтау ережесі;

  • пайдалану жөніндегі нұсқаулар;

  • дайындаушының кепілдігі.

Техникалық стандарттарды бекітерден бұрын оның жобасын өнімге тапсырыс беруші немесе тұтынушы басқа мүдделі мекеме, ұйымдарымен келіседі және де елдегі қолданыста жүрген стандарт, басқа техникалық шарттарға қайшы еместігі тексеріледі. Техникалық шартты дайындаушы мекеме /техникалық шартты әзірлеген мекеме/ бекітеді. Қолдану мерзіміне шек қойылмайды. Егер мерзіміне шектеу қажет болса тапсырыс беруші мекемемен келісу арқылы шешім қабылданады.
Техникалық шарттың белгілерін оны қабылданған мекеме тиісті ереже бойынша өзі анықтайды, қайта құрылған мекеме және олардың бірлестіктері үшін мына белгілер ұсынылады: техникалық шарттың индексі, өнімнің коды, тіркелу номері, бекіткен мекеменің /кәсіпорынның/ коды, сондай-ақ құжат бекітілген жылдың соңғы екі цифрі.
Техникалық шарт бекітілгеннен кейін мемлекеттік тізімдік тіркеуден өтуі тиіс. Төменгі өнімдердің техникалық шарттары тізімдік тіркеуден өтпейді.

  • сынақ үлгілері, сынақ партиясы;

  • халықтық көркемдік бұйымдар мен сыйлықтық заттар /қымбат металл және тастардан жасалған бұйымдардан басқа/;

  • шикізат, материал, жартылай өңделген өнімдердің өндірістік-технологиялық қалдықтары;

  • бір мекеменің ғана сұранысы бойынша дайындалған, яғни жартылай өндірілмейтін бұйым, жартылай өңделген өнім, заттар мен материалдар;

  • жекелей немесе аз-аздан, қажеттілік мөлшеріне байланысты кездейсоқ шығарылатын технологиялық жабдықтау құралдары;

  • бір-бірден ғана өнідірілетін өнімдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет