Сыртқы сауда құжаттары. Отандық және халықаралық стандарттар объектісі болып табылады. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп, халықаралық сауданы қарқындандыру үшін сыртқы сауда құжаттарының отандық стандарттарын ИСО стандарттарымен үйлестірудің маңызы өте зор.
Сыртқы сауда қызметінің тиімділігін арттыруда басқару, сауда және көлік саудасындағы мәліметтерді алмасудың халықаралық электрондық жүйесінің құжаттарын сәйкестендіру /ЕДІҒАСТ-ағылшынша; Ehectronіc Data Іnterchange For Admіnіstratіon. Commerce and Transport / үлкен міндет атқарады.
Бұл жүйені енгізу қажеттілігі халықаралық сауда келісімін рәсімдеу, өндіруші /сатушы/ мен сатып алушы арасында тауар тасымалдау кезінде пайдаланылатын көптеген мәліметтерді алмасу, қабылдау, өңдеу, тіркеу жұмыстарының аса ауқымдылығынан туындап отыр. Сыртқы сауда келісімін рәсімдеуге жұмсалатын шығын көлемі тауар айналымының 15%-ке дейінгі бөлігін иеленеді. Сонымен қатар сыртқы сауда ақпараттар ағыны құрылымының күрделілігі мен бұл процесске қатысатын мекемелердің тым көптігі мәлімет берудің шапшаңдығын бәсеңдетіп, мәліметтің нақтылық дәрежесін төмендетеді.
Экономикалық түрғыда дамыған көптеген елдердің сауда қызметін недәуір оңтайландыра білу ақпарат алмасудың қағазсыз технологиясын пайдалану нәтижесінде жүзеге асырылуда. Мәселен мәліметтерді электрондық өңдеу және алмасу іс-қимылдары есептеу техникасымен байланыс құралдарын кеңінен енгізу арқылы мүмкін болып отыр.
EDІFACT стандарттары байланыс құралдары мен электронды есептеуіш машинасының тұрпаты, қолданбалы жүйенің /сауда, көлік, басқару т.б./ ерекшелігіне қарамай мәлімет алмасуда әмбебап тіл қызметін атқарады. ИСО 9735-тің негізінде ГОСТ 6.20.1-ді тікелей қолдану әдісі әзірленген. Бұл стандарт алмасуға арналған мәліметтерді дайындау және жалғастыру /беру/ ережелерін анықтайды. Тағы бір маңызды стандарт ГОСТ 6.20.2. болып табылады. Бұл стандарт ИСО 7372-ге сәйкес келеді және де "Біріккен Ұлттар Ұйымының сыртқы сауда мәліметтерінің элементтер анықтамасын" қолдану үшін енгізіледі.