Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары



бет31/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
лекция

Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары.
Бұл топқа пайдалану құжаттарының стандарттары-пайдалану ережелері, паспорт, этикеткалар кіреді. Қарапайым тұтынушыға олар тауардың ілеспе құжаттары ретінде белгілі. Мұндағы негізін қалаушы стандарт-ГОСТ 2.601 "ҚҚБЖ. Пайдалану құжаттары". Бұл стандартта күрделі техника бұйымдарының пайдалану құжаттарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар анықталған.
Бұл стандарт әсіресе өнімді жасаушыларды пайдалану құжатына "Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар" деген бөлім енгізуді міндеттейді.
Бұл бөлімде пайдалану ережесін орындау кезінде тұтынушыларды сақтандыру мақсатында "Тиым салынады", "Есіңізде болсын!" деген сияқты ескертулер жазылуы тиіс.
Пайдалану құжаты қаншылықты анық жазылса тұтынушы тауар сапасын басқаруға соншалықты белсенді қатысады. Өйткені тұрмыстық техниканың мерзімінен бұрын істемей қалу себептерінің 20%-і пайдалану ережесінің бұзылуына байланысты екні анықталған.
Бұл стандарт өндірістік мақсаттағы өнімге де, халықтық тұтыну тауарларына да арналған.
Сапа жүйесінің стандарттары
Сапа жүйесіне қойылатын талаптар ең алғаш 1987 жылы ИСО 9000-9004 стандарттары тобында белгіленген 1994 жылы өзгертулер енгізілгеннен кейін стандарттың екінші нұсқасы пайда болды. 2000 жылы үшінші нұсқа бекітілді. Бұлар:
ИСО 9000: 2000 "сапа менеджментінің жүйелері".Негізгі ережелер және сөздік;
ИСО 9001: 2000 "сапа менеджментінің жүйелері". Талаптар;
ИСО 9004: 2000 "сапа менеджментінің жүйелері". Іс қимылды жақсарту жөніндегі нұсқаулар.
ИСО 9001 мен 9004 негізін қалаушы стандарттар болып табылады. Үшінші нұсқасында бұл екі стандарт құрылымы мен мазмұны жағынан өзара толықтай үйлестірілген. Бірақта бұл стандарттардың арналуы әрқилы.
ИСО 9001 сапа менеджментінің жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді және сертификаттау мақсатына пайдаланылады. ИСО 9004 мекеменің іс-қимылын түгелдей жақсарту үшін сапа менеджментінің жүйесіне әдістемелік көмек көрсетеді.
ИСО 9001, 9004 стандарттары басқа жүйелердің стандарттарымен /әсіресе қоршаған ортаны қорғау жүйесінің ИСО 14001,14004 стандарттары/ сыйысымды түрде жоспарланған.
ИСО 9001-де жазылған талаптар шығаратын өнім немесе көрсететін қызмет түріне қарамай барлық мекемелер үшін ортақ. Егер қандай бір мекеменің өз ерекшелігіне байланысты ИСО 9001-дің қандай бір талабын қолдану мүмкін емес болса онда ол талапты қалдыруға /алып тастауға/ болады. Бірақ бұл жағдай мекеменің тұтынушы талабына сай өнім шығару мүмкіндігіне кері әсер етпеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет