Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет29/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
ИСО сериялы стандарттар
Стандарттау туралы халықаралық ынтымақтастық 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды; сол кезде халықаралық электротехникалық комиссия /МЭК/ құрылған болатын. 20 ғасырдың екінші жартысындағы электротехниканың қарқынды дамуы стандарттау туралы халықаралық ұйымдарды құруға шешуші әсер етті. 1904 жылы Сенлуее қаласындағы халықаралық конгресте стандарттау органын құрудың қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Стандарттау туралы бірнші халықаралық ұйым ретінде 1906 жылы халықаралық электро-техникалық комиссия құрылды. Электротехниканың дамуына байланысты әр елдегі нормалар мен талаптардың келісімдік жағдайлар болмағандықтан, нақты бір елде басқа елдің өнімдерін қолдану /пайдалану/ өте қиынға соқты.
Халықаралық ынтымақтастық жоқтығынан теміржол копиясын өлшеуде метрлік және дәлдік өлшем жүйелері дүниеге келеді.
Сол себептен стандарттау туралы халық-аралық ынтмақтастық ел арасындағы сауданың, арнайы және копиялық өндірістердің дамуына тікелей әсер етеді.
Халықаралық ынтымақтастықтың ел арасындағы сауда –экономикалық тиімділігіне тікелей әсер ететін жағдайының бірі болып сертификаттау және өнім сапасын бақару шаралары табылады.
Қазіргі заманда бірнеше жүздеген ұйымдар өнім сапасын басқару, есертификаттау және стандарттау сұрақтарын шешуде қызмет атқарады. Бірақта аймақтағы шешуші саясатты анықтайтын орган стандарттау туралы халықаралақ ұйым /ИСО/, халықаралық электротехникалық комисся /МЭК/, сапаны бақылау туралы Европалық ұйым /ЕОКК/.
Стандарттау туралы халықаралық ұйым /ИСО/ 1947 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 90 мемлекет оның мүшесі болып табылады, оның ішінде 75 белсенді мүшесі, 15 корреспондент мүшесі. 2700 техникалық органының жұмысында 100 мыңнан астам мамандар мен жұмыскерлер қызмет етеді.
ИСО-ның нысаны болып дүниежүзілік масштабта стандарттауды дамыту және экономикалық, интелектуалдық, ғылыми-техникалық аумақта ынтымақтастықты ұлғайту табылады.
ИСО жетекшілер және техникалық жұмысшы органдардан тұрады.
ИСО-ның жоғары жетекшілік органы болып бас ассамблея табылады, ол үш жылда бір рет шақырылады. Оның басшы болып ИСО Президенті үш жылға тағайындалды.
Ұйымның тәжірибелік жұмысын 13 мемлекет мүшесінің мамандарнан құралған кеңес жетекшілік етеді.

Бас ассамблея


СТАКО
ИНФКО КЕҢЕС
КАСКО
ДЕВКО Атқарушы бюро
РЕМКО
КОПОЛКЕ
Техникалық жеке сұрақтар туралы
бюро координациялық комитет

техникалық комитеттер


жұмысшы топтар


1 сурет. ИСО құрылымы


ИСО құрылымының негізгі бөлімдері болып техникалық комитеттер табылады. Олардың саны 160 астам. ИСО техникалық комитеттердің барлығында қатысты сұрақтарды зерттеуде жәнеде тәжірибелік қызметке қажетті ұсыныстарды әзірлеу нысанында бірнеше комитеттер құралған. Олар: СТАКО- стандарттауды зерттеу туралы комитет;


ДЕВКО -дамып келе жақтан елдерге көмек көрсету туралы комитет;
ИНФКО -стандартты үлгі туралы комитет;
РЕМКО-ғылыми-теххникалық ақпаратты зерттеу туралы комитет
ИАСКО-өнімнің стандартқа сәйкестігін бағалау туралы комитет; КОПОЛКО- тұтынушылардың мұддесін қорғау туралы комитет.
Келесі сұрақтарды шешу туралы ұсыныстарды әзірлеуде /ПААКО/ Кеңестің техникалық бюросына мына міндеттер жүктеледі:

  • ИСО ның техникалық жұмыстарын жоспарлау, келістіру, ұйымдастыру;

  • жеке техникалық комитеттердің қызмет аумағын және аттарын қайта қарау;

  • техникалық комиттер мен бөлімдерді құру және тарату;

  • техникалық комитеттердің қызмет бағдарламаларына жаңа тақырыптар енгізу туралы ұсыныстарды қарастыру;

Стандарттау принциптерін зерттеу туралы комитет келесі сұрақтармен шұғылданады:
- халықаралық стандарттар мазмұны мен түрінің жіктелуі және олардың ұлттық стандарттарымен байланыстылығы;

  • халықаралық стандарттаудың ғылыми принциптерін әзірлеу;

  • стандарттау аймағындағы қызметке қатысты терминдер мен анықтамаларды келістіру және әзірлеу;

  • стандарттау туралы халықаралық семинарлар ұйымдастыру

Ғылыми-техникалық ақпараттарды зерттеу туралы комитеттің қызметіне:
-стандарттау туралы халықаралық семинарлар ұйымдастыру;
- стандарттар мен нормалық құжаттарды автоматты өңдеу нысанына индексациялау және жіктеу туралы ұсынымдар әзірлеу;
ИСО мүшесінің жұмысының көпшілігі дамып келе жатқан елдер болғандықтан оларға стандарттау жұмыстарын дамытуға көмек көрсету үшін ИСО кеңесінде дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету туралы комитет құрылған, /ДЕВКО/. Олардың міндетіне дамып келе жатқан елдердің стандарттау аумағындағы қажеттілігн анықтауда іс әрекеттер әзірлеу.
/РЕМКО/ Стандартты үлгі туралы комитеттің міндетіне стандартты үлгіге арналған халықаралық стандарттарда берілген сілтемелер туралы техникалық комитетке жетекшілік құжат әзірлеу.
/ИАСКО/ өнімнің стандарт талабына сәйестігін бағалаудың міндетіне өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін және ұлттық сертификаттау жүесін құрастыру жұмыстары жатады.
Қазақстан Республикасы ИСО мүшесі ретінде 1994 жылы кірді.
Халықаралық электротехникалық комиссия /МЭК/ 1906 жылы ИСО-дан бұрын құрылған. /МЭКтің қызметі/ электротехника, радиоэлектроника, байланыс аумағында стандарттар әзірлеу. МЭК мүшесінің саны 52 жуық, ол ИСО-ға қарағанда аз, себебі электротехникасы, радиоэлектроникасы, байланысы нашар дамыған елдер ұйымға кіруге мүмкіншілігі жоқ. Ресей МЭК мүшесі ретінде 1922 кірген.
МЭК-тің жоғарғы басшылық органы –кеңес болып табылады. Бюджеті мүшелер енгізген қаржыдан және халықаралық стандарттарды сатқанда түсетін қаржыдан құралады. МЭК құрылымы-техникалық комиттетерден және жұмысшы топтардан тұрады, онда 80 техникалық комитет қызмет атқарады. Қазіргі уақытта МЭК 3000 нан астам халықаралық стандарттар әзірлеп баспадан шығарған. Болашақта МЭК және ИСО қызметтері бір-біріне жақындасып қосылуы мүмкін.
Өнім сапасын бақылаудың логикалық нәтижесі ИСО-9000 стандарттарының пайда болуына әкеліп соқты: ИСО –9000 стандартының негізі ретінде сапаны бақылаудың ұлттық стандарттары қолданылады.
ИСО- 9000 сериясына бес стандарт кіреді.ИСО-9000 стандарты. "Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыздандыру стандарттары". Бұл басқа стандарттарды таңдап алуға, қолдауға жетекшілік ететін және негізі түсінік түрін беретін кіріспе стандарт.
Әр түрлі варианты өндіріс процесіне арналған сапа жүйесінің моделі бар 3 стандарт.

  1. ИСО- 9001 стандарты-жобалау барысында сапасын қамтамасыз етуге арналған модель.

  2. ИСО 9002-монтаж және өндіріс барысында сапаны қамтамасыз етуге арналған модель

  3. ИСО-9003 Қортынды сынақ және бақылау барысында сапаны қамтамасыз етуге арналаған модель.

Бесінші стандарт ИСО-9004-Сапаға жалпы жекеменшік және сапа жүйесінің элементтері. Бұл стандарттың мазмұнына әр түрлі өндіріс процесстеріне байланысты қолдануға ұсынылатын элементтердің сипаттамасы келтірілген.
Осы стандарттар ИСО 8402 стандартымен бірге шығарылған. ИСО-8402-Сапа. Сөздік. Бұл стандарттар аумағындағы анықтамалар мен терминдер келтірілген.
Осы стандарттарды тәжірибелік тұрғыдан қолданудың нәтижесі бойынша ревизия ұйымдастырып 1994 жылы стандарттау туралы халықаралық ұйым стандарттарының екінші басылымын шығарды. Сонымен қатар ИСО-8402-терминологиялық стандартта қайта қаралды.
Ревизия нәтижесі бойынша ИСО-9000 сериясы төрт өнім категорияларына қойылатын талаптардың таралуына байланысты келтіріледі. Жәнеде онда сапа жүйесіне баға беруге стандарттардың қызметін жанжақты қарастырып мазмұндалған.
Стандарттың жаңа версиясында, сапаның төрт маңызды аспектісі қосылған, олар:
-өнім сұранысымен анықталып негізделген сапа;
-өнім жобасымен негізделген сапа;
-өнімнің жобаға сәйкестігімен негізделген сапа;
-өнімнің өмірлік циклында материалды-техникалық қамтамасыздандырумен негізделген сапа.
Жаңа сериялы ИСО –9000 стандарттының жалпы аты "Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттар". Ол төрт бөліктен тұрады.

  1. ИСО 9000-1 стандарты. "Таңдап алу және қолдану жөнінен жетекші нұсқаулар"

  2. ИСО 9000-2 стандарты. "ИСО 9001,9002,9003 стандарттарын қолдану жөнінен жалпы жетекшілік нұсқаулар.

  3. ИСО 9000-3 стандарты. "Бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеуге, қызмет көрсетуде, ИСО 9001 стандартын қолдану туралы жетекші нұсқаулар".

  4. ИСО 9000-4 стандарты. "Сенімділікті қамтамасыздандыру бағдарламасы туралы жетекшілік".

ИСО 9004 " Сапа басқару және сапа жүйесінің элементтері" стандарты сегіз бөлімнен тұрады:
ИСО 9004-1- Жетекшілік нұсқаулар
ИСО 9004-2-Қызмет көрсету жөнінен жетекші нұсқаулар
ИСО 9004-3-Өңделетін материалдар жөнінен жетекші нұсқаулар
ИСО 9004-4-Сапаны жақсарту жөнінен нұсқаулар.
ИСО 9004-5-Сапа бағдарламасы жөнінен нұсқаулар
ИСО 9004-6-Жобаға жетекшілік және сапаны
қамтамасыздаандыру жөнінен жетекшілік.
ИСО 9004-7-Конфигурация бақылау жөнінен жетекшілік
нұсқаулар
ИСО 9004-8-Әкімшілік басқару жүйесінде қолдануда сапаны
басқару принциптері жөнінен жетекшілік нұсқаулар
2000-2001 жылдарға белгіленген ИСО 9000 сериясы стандарттары жаңа версиялары жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет