Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет6/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:

1.Қайшылықсыз болу

2.Келісімділік


3.Техниканың даму деңгейіне бағыттау.
4.Экономикалық тиміділікке бағыттау
5.Ортақ пайдаға бағыттау.


Дәріс №2


Тақырыбы:Стандарттау әдістері
Құзыреттіліктер- Сала бойынша стандарттау технологиясының негіздері туралы мәліметтерді меңгеру
Жоспар:

  • Стандарттау нысанын реттеу.

  • Параметрлік стандарттау

  • Өнімді сәйкестендіру

  • Агрегаттау.Кешенді стандарттау

  • Оза стандарттау. Стандарттардың санаттары мен түрлері.

  • Жалпы мағлұматтар.Стандарттардың санаттары. Стандарттардың түрлері

Дәріс мәтіні

Стандарттау әдістері


Жоғарыда көрсетілгендей стандарттау іс-әрекет түрі болуымен қатар қайталанатын мәліметтерді тиімді жолмен шешу және оларды нормалау мен ережелер ретінде заңдастыруға қажетті әдістемелер кешені болып табылады.
Стандарттау әдістемесі- бұл стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.
Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістемелерге негізделеді.
Стандарттау жұмысында төмендегі әдістемелер кеңінен қолданылады:

  • Стандарттау нысанын реттеу

  • Параматерлік стандарттау

  • Өнімді сәйкестендіру /унификация/

  • Агрераттау

  • Кешенді стандарттау

  • Келешектік стандарттау



Стандарттау нысанын реттеу
Стандарттау нысанын реттеу- өнімді, процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу –көп түрлілілікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты. Реттеу жұмысының нәтижесіне мысалы, соңғы дайын өнімді жабдықтаушы бұйымдардың шектеулі тізімі, бұйымдардың үлгілік конструкциялық альбомдары, басқару және басқа құжаттардың үлгілік түрлері жатады.
Реттеу әмбебап әдіс ретінде жүйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, талдау қатарлы жекелеген әдістерден тұрады.
Стандарттау нысанын сұрыптау /селекция/- арықарай өндіруге және қоғамдық өндіріске пайдалауға ыңғайлы деп танылған нақты нысандарды сұрыптауға бағытталған ісәрекет.
Жою /симпликация/- арықарай өндіруге және қоғамдық өндіріске қолайлы емес деп танылған нақты нысандарды анықтауға бағытталған іс-әрекет.
Сұрыптау және жою іс-әрекеттері қатар жүргізіледі. Бұлардан бұрын нысандарды жіктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттілікке сәйкестігіне арнайы талдау жасау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, ескі үлгімен істелген қалайы ыдыстарының алғашқы мемстандарттарында сол кездегі шығарылған кастрюлдерді сиымдылығы бойынша жіктегенде олардың типтік мөлшері 50 болған. Талдау нәтижесінде олардың санын 22-ге дейін қысқартуға болатыны анықталады, яғни қосарланған сиымдылықтар жойылады. Мысалы; 1,0; 1,5 л. Сиымдылықтар бар болғандықтан 0,9; 1,3; 1,7; литрліктер қажетсіз деп танылады.
Стандарттау нысандарын түрлеу /типтеу/- конструкция, технологиялық ережелер, құжат түрлері қатарлы үлгілік нысандарды құру жөніндегі ісәрекет. Сұрыпталған нысандар сапасы мен әмбебаптығын жоғарлатуға бағытталған бір техникалық өзгертілуге жіберіледі.
Мысалы, 1960 жылдардың басында ҚСРО-да 100 түрлі конструкциялық айырмашылықтары бар телевизорлар пайдаланылған. Сондықтан схемалардың қажетсіз көп түрлілігін жою мәселесі қойылып, жүйелеу жұмысын жүргізу нәтижесінде экран көлемінің үш нұсқасы яғни 35, 47,59 см таңдап алынады. Әрбір нұсқаға ең тиімді схемалар таңдалып, олар соңынан жақсартылады. Нәтижесінде типтік /сәйкестендірілген/ конструкциялы УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59 телевизорлары жасалды.
Стандарттау нысанын тиімді болдыру /оптимизация/- негізгі тиімді өлшемдерді /параметрлерді/ анықтап, сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мәнін табуға бағытталған іс-әрекет.
Стандарттау нысанын тиімді ету жұмысы арнайы экономикалық- математикалық әдістер мен тиімді ету моделі арқылы жүргізіледі. Тиімді етудің мақсаты-реттеудің тиімді дәрежесі мен жоғарғы тиімділікке қол жеткізу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет