Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі



бет74/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі
Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді. 1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. 1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.
Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет