Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Адамның шығу тегі туралы ұғымдар



бет2/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Адамның шығу тегі туралы ұғымдар. Қалыптасуы homo sapiens Адамның пайда болуы туралы ғылыми теория Ч. Дарвиннің биологиялық эволюция теориясына негізделген. "Адамның шығу тегі және жыныстық таңдау"
Тілдің пайда болуы ерте заманнан бері, мыңдаған жыл бұрын басталып, алғашқы дыбыстарға еліктеу немесе ым-ишара арқылы күннен-күнге даму сатыларын артқа қалдыра отырып бүгінгі күнге дейін жетті. Жалпы тілдің қалыптасу процесін «глоттогенез» деп атайды. Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теория бар. Тіл адамдарға өзара қарым-қатынас жасау үшін, өзі айтпақ ойды келесі адамға жеткізу үшін керек.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Латынның «культура» сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Даль»культура» сөзінің мынадай мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік». Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.
Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі – ізгіліктік болып табылады.
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.
Көшпелілер туралы әр түрлі түсініктер
Көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда - ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы - жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе.
Жабайы жануарларды қолға үйрету.
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты.
Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуіл, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған.
Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.
Көшпелі шаруашылық түрлері.
Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, ІҚазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта шеніне жататын, бір жерде шоғырланған Қараоба, Тасмола, Сыпыраоба, Қарабие деп аталатын рулық қауымдық зираттар осындай ұзақ қыстап отыратын жерлерге салынған сияқты. Бұл тайпалардың негізгі түліктері қой, жылқы, түйе болған.
Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады.
Жартылай көшпелілік Оңтүстік Қазақстанда да біршама таралған. "Ұйғарақ пен Төгіскенді қалдырған сақ тайпалары жартылай көшпелі болған" деген пікір бар. Ал енді нағыз көшпелі шаруашылық үлгісі ретінде есептелетін адайлардың өзінің Жем бойындағы бөліктері отырықшы болған, ірі қара малын өсірген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет