Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Сақтардың Тасмола мәдениеті



бет4/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Сақтардың Тасмола мәдениеті. б.з.б. VII-III ғғ. Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағына таралды. Тасмолалык сақтардың (исседондықтар болуы мүмкін) жерлеу құрылыстары мәйітті жерлейтін үлкен қорған мен оның мінген атын көметін жапсарлас шағын қорғаннан тұрады. Шағын қорғаннан шығысқа бағытталып. ұзындығы 20 м-ден 200 м-ге жететін екі доға тектес тас тізбектер тізіледі. Жерлеу орындарынан жылқы мен қойдың бас сүйектері, сондай-ақ жебенің қоладан жасалған ұштары, ақинақ, саздан жасалған ыдыстар, құрбандық шалатын тас пен ат әбзелдері кездеседі. Исседондықтарда қазақтың қыстауына ұқсайтын қоныстар болды. Бұл солтүстік сақтардың суық климатқа бейімделгенін көрсетеді. Қоныстардың корымының шағын болуы бытыранқы шаруашылық жүйесін көрсетеді, яғни исседондықтар шағын топтармен көшіп жүрді.
Сарматтар. Сарматтар (Геродот бойынша «савроматтар») - сақтарға мәдениеті жағынан жақын көшпелі тайпалар одағы. Олар Батыс Қазақстанды, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын мекендеген. Б.з.б. III ғасырда олар дах-массагеттердің ығыстыруымен Ұлы Даланың батыс бөлігін тастап шығады. Жерлеу қорғандарын тұрғызу, ақинақтар жасау, өнердегі «аң» стилі оларға да тән ерекшелік болды. Сарматтарда егіншілік манызды шаруашылык түрі болды. Олардың коғамында әйелдің орны жоғары болды. Сарматтар Орталық Азиядағы сақтар мен Қара теңіз манындағы скифтерді өзара байланыстырды.
Сақтардың әлеуметтік ұйымы. Қарапайым адамдардан айырмашылығы бар патшалар әулетінің қорғандары қоғамда әлеуметтік жіктелуді ғана емес, сақтарда патша әулеттерінің болғанын көрсетеді. Жазба дереккөздердің мәліметінше, патша-көсемдер әскерн қолбасшылар болған әрі олар дипломатиялық келіссөздер жүргізген. Осындай билеуші тектен шыққандар (көсемдер мен ақсақалдар) әскери-тайпалық аксүйектерді құрады. Олар күнделікті өмірде билік жүргізіп, соғыс кезінде тайпаластарының әскерін басқарды. Сонымен қатар қоғамда абыздар тобы да болды. Көптеген жәдігерлер мен жазбалар сақтар ат құлағында ойнаған жақсы садақшылар болғандығын дәлелдейді. Салт атты садақшылар қаһарлы, жеңілмейтін жауынгерлер болды. Олар әскери жорықтардан бос кезінде қарапайым көшпелі тұрмыс кешіп, мал өсірумен айналысты. Осы сақтардың әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысында егінші шаруалар тұруы мүмкін. Өйткені кейбір тайпалар егіншілікпен де айналысқан еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет