Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



бет5/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Қорытынды. Ерте темір дәуірінде қуаңшылыққа байланысты Ұлы Далада көшпелі малшаруашылығы пайда болды. Бұл Дала өркениетін айғақтайтын басты белгі еді. Көшпелі малшаруашылығының жартылай көшпелі және жартылай отырықшылық формадан айырмашылығы малдың жыл бойы жайылымда жайылуы және көшкен малдың соңынан бүкіл халықтың белгілі бір үйреншікті бағыт бойынша ілесіп жүруі еді. Көшпелі малшаруашылығы аумағының ұлғаюы, сонымен қатар көшпелі өркениеттің таралуы Еуразия даласында үлкен белдеу қалыптастырды. Көшпелі скиф-сақ-сармат мәдени қауымдастығы б.з.б. І мынжылдықта Ұлы Даланың батысы мен орталық бөлігінде басымдыққа не болды. Ерте көшпелілердің әлеуметтік ұйымының өзіндік ерекшеліктері кейіннен көшпелі өркеннеттің үлгілеріне айналды.


ТАС ДӘУІРІ.
Тас дәуірі адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде адамның, оның мүсін-кейпі мен мінез-құлқы күн көріс тіршілігі қалыптасты. Тас дәуірі осыдан 2,5млн жыл бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда адам баласы осыдан 2 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл деректі археология ғылымы дәлелдеген. Археология – тарихи ескерткіштер, мұралар арқылы адам баласының өткен тарихын зерттейтін ғылым. Ең алғашқы адамның сүйегі Шығыс Африкада (Кения жерінің Олдувай шатқалы) табылады.
Адам дамуының сатылары:
1. «Епті адам» табылған жері – Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) – 1млн 750мың жыл бұрын өмір сүрген.
2. «Тік жүретін адам» 1млн жыл бұрын өмір сүрген:
а) питекантроп: табылған жері – Ява аралы (1891 жыл), Индонезия.
ә) синантроп: табылған жері – Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927жыл).
3. «Неандертал адамы» табылған жері – Германиядағы Неандертал
өңірі. Өзбекстанның солтүстік өңіріндегі Тесіктас үңгірі (1938 жыл).
4. «Кроманьон адамы» - Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.
Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталған.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
а) ерте палеолит
ә) орта палеолит
б) кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас дәуірі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет