Ерте палеолит Дәуіріндегі еңбек құралдары мен олардың сипатын беріңіз.
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 млн 500 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығын қамтыған (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – б.з.б. 40 мың жыл аралығы деп көрсетілген). Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы.
Ерте палеолит 3 кезеңнен тұрады. Олдувэй – б.з.б. 2,6 млн – 800 мың жылдар.
Ашель – б.з.б. 800-140 мың жылдар.
Мустье – б.з.б. 140-40 мың жылдар.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштаршамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.
Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған. Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.
Адамдардың тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құрал табылды.