Дәріс5
Модуль 2 Қоғам, тұлға және әлеуметтік өзгерістер
Тақырып 4.
Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспективалар
Сұрақтар:
1.Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау
2.Дін классификациясы
3. Қазіргі қоғамдағы толеранттылық және ксенофобия мәселелері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік – экономикалық дамуды сипаттайтын
жүйенің басты элементі болып табылады.
Қоғам ӛз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық
қауымдастықтарға бӛлінеді. Олардың бәрі ӛзара бір-біріне объективті түрде дәнекер
болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан
құралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана
ӛмір сүреді және қоғамда ӛздерін кӛрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына,
оның біртұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде ӛмір сүруіне себепші
болады. Мұның мәнін ӛздерінің теорияларында О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер,
Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік
құрылымы – адамдар қауымдастарының және әлеуметтік топтарының арасындағы
экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани ӛмір жағдайларының байланыстары мен
қатынастарының жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізінде:
1) қоғамның еңбек бӛлінісі;
2) ӛндіріс құрал-жабдықтарына және оның ӛніміне меншік қатынастары жатады.
Қоғамдық еңбек бӛлінісі - әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби топтардың,
сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі ӛкілдерінен
тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі ӛмір сүрулеріне себепші болды.
Ӛндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі
бӛліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды
нығайтады. Қоғамдық еңбек бӛлінісі де, меншік қатынастары да қоғамның әлеуметтік
құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып
табылады.
Қоғам ӛмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық ӛндірістің
және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бӛлінісінің белгілі дәрежеде елеулі ықпал
ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюргейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелденген
болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бӛлінісінің рӛлі жӛніндегі кең ауқымды
ілім, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуы жӛніндегі тұжырымдама
ретінде марксизмнің әлеуметтік – экономикалық теорияларында да орын алған еді.
Марксизм теориясы меншіктің осы процестегі рӛлін де ашып берді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу – қазіргі кездің басты міндетіне айналып
отыр.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі қызметтері:
1. Қоғамның қызметін реттеп отыратын еңбек бӛлінісінің белгілі бір түрлерін
қолдап отыру.
2. Қоғамның түрлі топтарының дифференсацияларын қамтамасыз етіп отыру
(еңбектің саны мен сапасы бойынша жалақы тӛлеу, лауазым, статус).
3. Қоғамның әлеуметтік дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау (білім беру,
медицина, мәдениет, спорт).
4. Елдің тұрғындарының болып жатырған ӛзгерістерге, экономикалық
құрылымның ӛзгеруіне (әлеуметтік мобильдік) бейімделуі (адаптация).
5. Экономикалық-шаруашылық қызметтерді елдің тұрғындары бір мезгілде, ӛзара
келісім арқылы орындау.
6. Қоғамның демографиялық мәселелерін шешіп отыру.
7. Қоғамның еңбекке жарамсыз топтары (зейнеткерлер, мүгедектер, т.б.)
әлеуметтік қорғау және олардың ӛз-ӛздерін қамтамасыз етуге белгілеу.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу қоғамдағы әлеуметтік экономикалық
процестерді талдау үшін, әлеуметтік стратификация әдісі әлеуметтік жіктелудің себебін
және жағдайын анықтау үшін пайдаланылады:
ӘЛЕМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ - қоғамның анатомиялық құрылысы.
Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік статустар мен рӛлдер
табылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымының ерте кезең мен жаңа кезең арасында
айырмашылықтар бар.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрақты болғанымен, тарихы даму барысында
ӛзгеріп
отырады.
Оның
ӛзгермелілігіне
индивидтердің
қарым-қатынастары
нәтижесіндегі әлеуметтік рӛлдер ықпал етеді.
Қоғамның әлеуметтік топтарға бӛлінуінің негізгі факторы қоғамның еңбек бӛлінісі.
Еңбек бӛлінісі адамдардың белгілі бір әлеуметтік – кәсіптік, ӛндірістік-экономикалық
қызметтің атқаруымен ерекшеленеді. Еңбек бӛлінісі жеке адамның еңбек ӛнімділігін
арттырады және оның қызметі белгілі бір мамандыққа бағытталады.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.
Әлеуметтік құрылымның басты элеметтеріне тӛмендегілерді жатқызуға болады:
1. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар олардың негізінде әлеуметтік қарым-
қатынастар жатады.
2. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Олардың негізінде мекемелік және
ұйымдық байланыстар жатады;
3. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар. Олардың негізінде әлеуметтік ӛзін-ӛзі
бақылау жатады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне сонымен қатар:
- қоғамдық еңбек бӛлінісі, ӛндіріс құралдарына деген жеке меншіктік қатынастар
және қоғамдық ӛнімді бӛлуге соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды
осылайша түсіндірудің қажеттілгін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап
отыр:
- қала мен ауыл адамдары;
- ой және дене еңбегінің ӛкілдері;
- сословия;
- әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);
-ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар).
Жоғарыда аталған әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар құрамдары
бойынша біртектес болғанымен, олар осы әрекет барысында жеке жіктер мен топтарға
бӛлінеді, бұлар әлеуметтік құрылымының ӛз алдына әрекет ететін элеметтері болып
саналады, ӛйткені басқа субъектілермен ӛзара қарым-қатынас орнату негізінде
әлеуметтік жіктер мен топтар ӛздеріне тән мүдделерді жүзеге асырады.
1. Әлеуметтік топтарға кӛбіне ортақ белгілері, мүдделері, қызметі мен мақсаттары
және ортақ жағдайлары бар адамдар топтары біріктіріледі (әлеуметтік топтар анағұрлым
тұрақтылығымен, біртектілігімен айырылады). Социологтар кӛбіне әлеуметтік топтарды
үлкен бұқаралық топ ретінде, ал әлеуметтік қауымдықты кіші шағын топ ретінде
қарастырады.
Әлеуметтік топтар тұрақтылығымен және біртектілігімен ажыратылады. Оған
кӛптеген әлеуметтік ұйымдар кіреді.
Ал бұқаралық әлеуметтік қауымдастықтарға тән белгілер: тұрақсыз, құрамы толық
анықталмаған, әлеуметтік жүйеде кеңінен кӛріне алмайды. Мысалы: экологиялық саяси
тағы басқа қозғалыстар, бұқаралық спорттық, фотосүйгіштер тағы басқа ұйымдар. Кез
келген ұйым әлеуметтік топтарды құрай алмайды. Күнделікті ӛмірде (бір топ адам
тындаушылар аудиториясы әлеуметтік топтар т.б). Олар тұрақсыз, мерзімі аз,
субъектілердің бір-бірімен қарым-қатынастары. Сондықтан ондай топтар әлеуметтік топ
деп танылмай - квазигруппа деп аталады. Студенттер әлеуметтік топ. Ал лекция
тыңдауға жиналғандар оған кірмейді.
Әлеуметтік стратификация әлеуметтанудың басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Әлеуметтік теңсіздік - адамдардың түрлі топтарының арасындағы қоғам ресурстарының
(ақша, білім, билік, престиж) тең жағдайда бӛлінбеуі, яғни адамдардың, әлеуметтік
топтардың теңсіздік жағдайы.
Теңсіздік қоғамда түрлі салаларда кӛрініс табады: отбасыда, мекемеде,
кәсіпорында, кіші және үлкен топтарда. Олар әлеуметтік ӛмірді ұйымдастырудың
қажетті шарты болып табылады. Кез-келген әлеуметтік институт, ұйымдар теңсіздікті
сақтап қалуға тырысады. Сол арқылы ұйым ішінде тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл
қасиет барлық қоғамға да тән. Қоғамның иерархиялық құрылымының негізгі
принциптерін стратификация теориясы кӛрсетіп бреді.
Стратификация термин латын сӛзі stratum-слой (қабат) және facio-істеймін,
(жасаймын) деген сӛздерден шыққан. Стратификацияның негізгі болып - адамның
әлеуметтік ӛмірінен кӛрінетін әлеуметтік теңсіздіктер.
Түрлі авторлардың түсініктері бойынша страта сӛзі топтар, каста, сословие сияқты
сӛздермен алмастырылады.
Әлеуметтік страта дегеніміз - қоғамның әлеуметтік иерархиясындағы ӛздерінің
жағдайына қарай бір-бірінен айырылатын адамдардың топтары.
Қоғамдағы теңсіздік түрлі болуы мүмкін. Алдымен қоғамның вертикалдық
жіктелуін анықтауымыз керек.
К. Маркс қоғамның вертикалдық жіктелуінің негізі меншіктің болуы жағдайы және
биліктің формасы деп атап кӛрсетті. Оның стратификациялық құрылымы екі деңгейіде:
1) Меншік иелерінің топтары (құл иеленушілер, феодалдар, буржуазия);
2) Ӛндіріс құралдарына иелік ете алмайтын (құлдар, жұмысшылар, шаруалар)
қарастырды.
Әлеуметтік жіктелуді зерттеушілердің бірі М. Вебер. (1864-1920). Ол белгілі бір
стратаға жатқызатын критериялардың санын кӛбейтеді. Экономикалықтан басқа
(меншік пен кіріс мӛлшері) жаңа критериялар-әлеуметтік престиж және белгілі бір саяси
топқа (партияға) жатуда критерияларын енгізеді.
Престиж - қоғамның белгілі бір, «статусқа» немесе «қызметке» жоғары баға беруі.
Пристиж адамның қоғамнан алатын орны мен дәрежесіне байланысты деп атуға болады.
М.Вебер әлеуметтік жіктелуді билікті бӛліп беру тұрғысынан қарастырды. Вебер
де Маркс сияқты жұмысшы табы мен капитал арасындағы қарама-қайшылық қоғамның
ішкі қасиетінен туындайтындығына, капитализмнің ӛзінен бастау алады деп есептеді.
Алайда, Маркстен айырмашылығы Вебер ресурстарды бӛліп беруден туындаған жанжал
кез-келген қоғамға тән қасиет деп санады.
Вебер экономикалық топтардың жағдайын нарықтық сипатпен анықтайды.
Дамыған нарық жағдайындағы әртүрлі нарықтық жағдайлар болады. Әр түрлі кәсіби
топтар нарықта тайталасады. Кез-келген кәсіби топ ӛте жоғары қоғамдық бағаға ие
болуға тырысады. Ал ол басқа топтардың ахуалына әсер етеді. Вебер топтар мүшелері
бірыңғай нарықтық мүмкіндіктерге ие топтардан құрылады деп есептеді.
Функционалдық теория. Бұл теория бойынша қоғамның кейбір қызметі
басқаларына қарағанда маңызды болып табылады. Сондықтан осы әлеуметтік қызметті
орындаған адамдар анағұрлым жоғары мамандандырылған, жалақысы жоғары болуы
керек. Ӛкілдері Т.Парсонс, Кингсли Дэвис және Уилберт Мур Парсонс 3
дифференциалды белгіледі:
1) Адамдарға туа бітетін қасиеттер (этникалық, жыныстық ерекшеліктері,
туысқандық байланыстар)
2) Әлеуметтік статусты қабылдау және соған сәйкес рӛлдерді орындау.
3) Меңгеру элементтері (жеке меншік, материалдық, рухани құндылықтар,
құқықтар, басқаруға мүмкіншіліктері т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |