Дәріс6 Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияны (акт) пайдалану мақсаттары. Акт-ның педагогикалық стратегиясы



бет2/4
Дата27.10.2022
өлшемі224,54 Kb.
#45766
1   2   3   4
Байланысты:
Конс оқыту әдістемесі 6-7-лекциялар (1)

Педагогикалық білімдер (ПедБ)
Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 14-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқу мен оқытудың тоғыз түйінді ұстанымы сипатталған.

14-сурет. Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты

Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.



Білімдердің педагогикалық аспектісі (БПА)
Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуінде көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.
БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет