Меншіктеу операциялары символдар (=,+=, -=,*=, т.с.с.) арқылы жазылады. Меншіктеу операциясы программада аяқталған оператор ретінде пайдаланылады. Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Қарапайым меншіктеу операциясының жазылуы:
1_операнд = 2_операнд; Бірінші операнд – L_мән, ал екіншісі – өрнек болуы тиіс. Алдымен оң жақта тұрған өрнек есептеледі, сонан соң оның нәтижесі сол жақта көрсетілген жады аймағына жазылады да (мұның мнемоникалық ережесі: «меншіктеу – мәліметтерді сол жаққа “беру”» ), онда бұрынғы сақталған мәлімет жойылады. Мысалы: #include int main(){ int a = 3, b = 5, с = 7; a = b; b = а; с = с + 1; cout << "a = " << a; cout << "\t b = " << b; cout << "\t с = " <<с; return 0; } Программа жұсысының нәтижесі:
a = 5 b = 5 c = 8
С++ тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар.
Жалпы меншіктеу операциясының жазылу форматы мынадай болады:
<айнымалы> = <айнымалы><операция><өрнек>;
Мұны C/С++ тілдерінде қысқаша былай жазуға болады: <айнымалы><операция> = <өрнек>;
Төменде бірнеше мысалдар келтірілген. a=a+b; a+=b; a=a*b; a*=b;
a=a-b; a-=b; a=a/b; a/=b;
С/С++ тілдерінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы: sum = a = b;
Мұнда меншіктеу операциясы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мәні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мәні sum-ға меншіктеледі.
Меншіктеу операцияларын былай да жазуға болады:
1) a = (b = 1) +2;
мұнда a=3, b=1. 2) a = b = 1 + 2;
ал мұнда a = 3, b = 3. Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анықталған мәні бар өрнек болып табылады, мысалы:((s=13+12)<=30) деген өрнек ақиқат мәнді болып табылады.
Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байланысты әр түрлі мән қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл операция үшорынды болып табылады. Бірінші операнд арифметикалық типте немесе нұсқауыш боуы мүмкін. Ол нөлге эквиваленттілік тұрғысынан тексеріледі (нөлге тең операндfalse, ал нөлге тең емесі –trueболып табылады).Егер оның шарты (бірінші операнд) ақиқат болса, өрнек мәні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда – үшіншіге тең. Жазылуы:
1_операнд ? 2_операнд : 3_операнд;
Мысалы: