Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет10/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

Меншіктеу операциялары символдар (=,+=, -=,*=, т.с.с.) арқылы жазы­лады. Меншіктеу операциясы программада аяқталған оператор ретінде пай­даланылады. Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу опера­торы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Қарапайым меншіктеу операциясының жазылуы:
1_операнд = 2_операнд;
Бірінші операнд – L_мән, ал екіншісі – өрнек болуы тиіс. Алдымен оң жақта тұрған өрнек есептеледі, сонан соң оның нәтижесі сол жақта көрсе­тілген жады ай­ма­ғына жазылады да (мұның мнемоникалық ережесі: «мен­шіктеу – мәліметтерді сол жаққа “беру”» ), онда бұрынғы сақталған мәлімет жойылады. Мысалы:
#include
int main(){
int a = 3, b = 5, с = 7;
a = b; b = а; с = с + 1;
cout << "a = " << a;
cout << "\t b = " << b;
cout << "\t с = " <<с;
return 0;
}
Программа жұсысының нәтижесі:
a = 5 b = 5 c = 8
С++ тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар.
Жалпы меншік­теу операциясының жазылу форматы мынадай болады:
<айнымалы> = <айнымалы><операция><өрнек>;
Мұны C/С++ тілдерінде қысқаша былай жазуға болады:
<айнымалы><операция> = <өрнек>;
Төменде бірнеше мысалдар келтірілген.
a=a+b;  a+=b; a=a*b;  a*=b;
a=a-b;  a-=b; a=a/b;  a/=b;
С/С++ тілдерінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы:
sum = a = b;
Мұнда меншіктеу операциясы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мәні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мәні sum-ға меншіктеледі.
Меншіктеу операцияларын былай да жазуға болады:
1) a = (b = 1) +2;
мұнда a=3, b=1.
2) a = b = 1 + 2;
ал мұнда a = 3, b = 3.
Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анық­талған мәні бар өрнек болып табылады, мысалы:((s=13+12)<=30) деген өрнек ақиқат мәнді болып табылады.
Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байланысты әр түрлі мән қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл операция үшорынды болып табылады. Бірінші операнд арифметикалық типте немесе нұсқауыш боуы мүмкін. Ол нөлге эквиваленттілік тұрғысынан тексеріледі (нөлге тең операндfalse, ал нөлге тең емесі –trueболып табылады).Егер оның шарты (бірінші операнд) ақиқат болса, өрнек мәні екінші опе­ранд­қа тең; егер жалған болса, онда – үшіншіге тең. Жазылуы:
1_операнд ? 2_операнд : 3_операнд;
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет