For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп аталады.
П араметрлі циклдің орындалу схемасы 7.5-суретте келтірілген. For операторының жалпы жазылу түрі:
for (x=x0; x<=xk; x=x+dx)
{
<1-оператор>;
<2-оператор>;
. . .
;
}
Мұндаx=x0 – цикл айнымалы- сының бастапқы мәні, x<=xk – циклдің орындалу шарты,
x=x+dx – цикл айнымалысының қадамы. x=x0 цикл операторы орындаларда бір рет есептеледі,
x<=xk ақиқат болса немесе 0-ге тең болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі операторлар атқарылады. Содан соңx=x+dx есептеледі жәнеx<=xk мәні қайта анықталады.x<=xk мәні жалған болса немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса, for операторының жұмысы аяқталады. Сонымен цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орындалмауы оның атқарылуы алдында анықталады. 1 -мысал (7.6 сурет). /* 1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысын анықтау */ #include #include main () { int s=0,i; clrscr(); printf("1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысы:");