Си тілінде кездейсоқ сандарды пайдалану Си тілінде кездейсоқ сандар беретін функциялар бар.
int rand() – 0..RAND_MAX=32767 аралығынан кез келген кездейсоқ бүтін сан береді.
Ал int random(n) 0..n аралығынан кез келген кездейсоқ бүтін сан береді.
Бұл функцияларды пайдалану файлы арқылы орындалады.
Мысалы:
//a[n] жиымына кездейсоқ сандар енгізу #include #include #include void main() { int a[100]; int n; printf("\nEnter the size of array:", n); scanf("%i",&n); for(int I=0;I {a[I]=rand()%100-50; printf(" %i ", a[I]);} getch(); }
Жиымды өңдеу есептерінің түрлері (кластары)
Жиымды өңдеу есептері көбінесе бірыңғайланған төрт түрге бөлінеді.
Есептердің 1-түріне жиым элементтерінің барлығын немесе көрсетілгендерін бірдей бір тәсілмен өңдеу есептері жатады.
Есептердің 2-түріне (класына) жиым элементтерінің орналасу реттілігін өзгерту тәсілдері жатады.
Есептердің 3-класына бірнеше жиымдарды қатар өңдеу немесе бір жиымның ішкі элементтерін бірнеше топқа бөліп жеке-жеке өңдеу тәсілдері жатады. Жиымдар бір тәсілмен – синхронды өңделеді немесе әр түрлі тәсілмен – асинхронды түрде өңделеді.
1 есеп. Жиымның ең үлкен элементін анықтау керек. // максимум табу #include #include #include void main() { int a[100]; int n; printf("\nEnter the size of array:", n); scanf("%i",&n); for(int I=0;I