Байланысты: Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1
2. Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық жүйе педагогикалық үдеріс элементтерінің реттелген жиынтығы және олардың статистика мен динамикадағы байланысы; оған жету құралдарын, кезең бойынша мақсатының алмасуын, оқушылар мен мұғалім іс-әрекетінің сипатын, педагогикалық үдеріс нәтижелерін көрсетеді.
Бүгінгі таңда жалпы білімдік немесе басқа да оқу-тәрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйеасты бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
дидактикалық, бұл жүйесаты өз ішіне сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын, факультетатив, үйірме жұмыстарыні; оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде сабақты (сабақтағы оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемесі), осылардың әрқайсысын өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
тәрбиелік, үлкен жүйе бола тұрып, келесідей мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйеасты бөлімшелерінен құралады;
оқушылардың қарым-қатнастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйеасты бөлімшелері (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, сан алуан түрлі іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйеасты);
мектептің әкімшілік жүйесі, оқу үрдісін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып жүру жүйесатыларынан құралады.
Әкімшілік жүйенің қажеттілігі дидактикалық, тәрбиелік, материалдық-техникалық жүйеасты мен оқушылардың өзін-өзі басқару жүйеасты бөлімшелері біріктіріп, біртұтас жүйеге жинақталуымен сипатталады.
Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен оның дамуына қатысты міндеттердің шешім табуы, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы жүйелік бірліктер іс-әрекеттерінің бір бағытта орындалу шартына байланысты. Бұл кешенді түрде педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Басқаруға тән сипаттардың бірі бұл жұмыстарға көпшіліктің, яғни әкімшілік, мұғалімдер, оқушылардың араласуы болып табылады. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне әсерін тигізеді. Себебі, бұл істің кез келген сатысында қай деңгейде болмасын басқарушы адамн іс-әрекетінің сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Білім жүйесінде кез келген деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызмет те атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы педагог тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды меңгереді, яғни ол тәрбиелік қызметтердің орындалып жатқанын көрсетеді. Осыдан басшыға, тәрбиешіге, мұғалімге моральдық, әдептілік тұрғыдан жоғары талаптар қойылады.
Кәсіби іс-әрекетті әртүрлі деңгейде бірдей тең басқару педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелік болып саналады. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің өзі ғана басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, мектептің басқа да күнделікті ықпал етуші қызметкерлері де араласады. Сондай-ақ мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарпынан әкімшілік басқару жүргізіледі. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызметтер атқарады, атап айтқанда, сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мұшесі.
Мектеп көпжақты байланысқа ие жүйе. Оның жұмыстары ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекмелермен байланыстар, өзара әрекеттесу негізінде атқарылып отырылады. Мектеп мемлекеттік (немесе онымен тығыз байлансқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асырылады. Мұнда өзара байланыстар мен қарым-қатынастар міндетті түрде жүйелі түрде басқарылуы тиіс. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшеліктерінің бірі боып табылады. Білім беру жүйесінде мектеп жағдайындағы басқарудың «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады: әртүрлі жас деңгейдегі балалар бірлестіктеріне басшылық материалдық ынтадан гөрі моральдық-адамгершілік ынтаның басым болуы; басқарушының өз қарамағындағылармен таныс болу қажеттілігі; білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді маман болуы.